Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » COVID – 19: Қызылордалық дәрігерлерге 150,9 млн үстемақы бөлінді

COVID – 19: Қызылордалық дәрігерлерге 150,9 млн үстемақы бөлінді

Kyzylorda-news.kz. 2020 жылдың наурыз айында Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің еңбекақысына 150,9 млн. теңге үстемеақы бөлінді.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетовтың айтуынша, ағымдағы жылдың наурыз айында COVID-19 коронавирусының таралуының алдын алу және инфекция жұқтырған науқастарды емдеуге 238,8 млн. теңге бөлінген.
Сондай-ақ, эпидемияға қарсы шараларға тартылған медициналық немесе медициналық емес ұйымдардың қызметкерлеріне 150,9 млн. теңгеден астам үстемеақы қарастырылған.
Бұдан бөлек, полимеразды тізбекті реакция арқылы биологиялық материалдан COVID-19 вирусының РНҚ (рибонуклеин қышқылы) анықтау үшін диагностикалық зерттеуге 60,2 млн. теңге бөлінді.
«Қордың облыстық филиалы 2020 жылғы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарын өзгерту үшін тиісті өтінім жолдады», - деді Б. Исмаханбетов.
Еске салайық, Мемлекет басшысы індетпен күрес жүргізетін медицина қызметкерлерін қолдау міндетін жүктеді. Үкімет қазақстандық дәрігерлер үшін төлем мөлшерін бекітті. Қаулыға сәйкес, эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлері 212 мыңнан 850 мың теңгеге дейін алады.
Облыстық филиал директоры төлемдер коронавирусты жұқтыру қаупі бар үш топ бойынша наурыз, сәуір, мамыр айларында жүргізілетінін атап өтті.
Қауіптілігі аса жоғары – жансақтау бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационар дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстемеақы 20 ең төменгі жалақыны құрайды (жалақының ең төменгi мөлшерi – 850 мың теңге).
Қауіптілігі жоғары – провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстемеақы 10 ең төменгі жалақы – 425 мың теңге.
Ал, қауіптілігі орташа – карантиндік стационар дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер (мемлекеттік қызметкерлер), жедел жәрдем жүргізушілері және т.б. Үстемеақы 5 ең төменгі жалақы немесе 212,5 мың теңгені құрайды.
08 сәуір 2020 ж. 231 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области