Қызылордада залалсыздандыру жұмыстары күшейтілген режимде жұмыс жасауда (ФОТО)
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында инфекция таралуының алдын алу мақсатында №66597 әскери бөлім қызметкерлері және арнайы мекемелер арқылы бекітілген кестеге сәйкес, бүгінгі күнге дейін жалпы көлемі 356 мың шаршы метрді болатын 131 аумақты залалсыздандыру жұмыстары күшейтілген режимде жұмыс жасауда.
Қаладағы қоғамдық көліктер, аялдамалар, теміржол мен автовокзалдар, ірі кәсіпкерлік нысандар, базарлар және адам көп жүретін көшелер, көпқабатты тұрғын үйлер аумақтары және әлеуметтік нысандарға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
«Бүгін міне Әл-Фараби, С.Торайғыров, Хон-Бен-До көшелерінде және тұрғын-үй аулаларында орналасқан балалар ойын алаңдары, аялдамалар мен қоқыс жәшіктерінде залалсыздандырылуда. Көшелерге арнайы гипохлорид кальций ерітіндісі қосылған қоспамен, ғимараттарды диохлорид ерітіндісі қосылған қоспамен залалсыздандырылды. Бұл жұмыстар әрі қарай бекітіленген кестеге сай кезең кезегімен толығымен дезинфекцияланады және барлық құралдар-жабдықтар жеткілікті», – дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомоблиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Біржан Далабаев.
Айта кетейік, елімізде орын алып отырған коронавирус іңдетіне байланысты, ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, ҚР Қорғаныс министрлігіне бағынысты Қызылорда облысында орналасқан әскери бөлімдердің ұйымдастыруымен қала аумағында орналасқан теміржол вокзалы мен автовокзал аумағын 26 наурыздан бастап дезинфекциялау жұмыстары жүргізілген болатын.