ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҢЫЗДЫ
Облыс әкімінің өкімімен 2018-2019 жылдарғы ықтимал су тасқынының алдын алу мақсатында жұмысшы топ құрылып, өзен бойы қорғаныс бөгеттері мен су шаруашылығы нысандарына зерттеу жұмыстарын жүргізіп, бірінші кезекте жөндеу-қалпына келтіруді қажет ететін 25 нысан анықталған. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов мәлімдеді.
Бүгінгі күнге аталған нысандардың ішінен Қазалы ауданы бойынша Абай елді мекеніне кірме жол мен понтон көпірін және 18 нысанды қалпына келтіру жұмыстарына облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар басталды.
Қазіргі таңда 18 нысанның 6-да жұмыстар аяқталды, 8-де қалпына келтіру жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмыстарға мердігер мекемелерден 53 бірлік техника мен 73 адам күші жұмылдырылуда.
Облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменовтің айтуынша жыл басында 3 учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қалпына келтірілген. (оның ішінде: 2-уі Қызылорда қаласының төңірегінде Сырдария өзенінің сол жағалауын бекіту және 1-уі Сырдария ауданы Қалжан Ахун елді мекені тұсында қорғаныс бөгетін қалпына келтіру). Абай елді мекеніне кірме жол мен понтон көпірінкүрделі жөндеу жұмыстары басталып, 6 бірлік арнайы техника мен 15 адам жұмылдырылып, 40%-ға орындалды.
Сонымен қатар, 2017 жылы 4 министрліктің бірлескен бұйрығымен бекітілген «2017-2020 жылдарға арналған «Тасқын су қатерінің алдын алу және оны жою жөніндегі шаралар кешені» жол картасына енгізілген 1 нысанда (Шиелі ауданы «Чех насос» учаскесі) жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
- Жыл басынан облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға 3 учаскеде (оның ішінде: 2-уі Қызылорда қаласының төңірегінде Сырдария өзенінің сол жағалауын бекіту және 1-уі Сырдария ауданы Қалжан Ахун елді мекені тұсында қорғаныс бөгетін қалпына келтіру) аудандық бюджеттер есебінен 2 учаскеде(Арал ауданында – 1, Сырдария ауданында - 1)жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қалпына келтірілді. Одан бөлек, Арал қаласындағы апаттық жағдайдағы үйдің құлау салдарынан баспанасыз қалған отбасыларына 27 жеке тұрғын үйлер салынуда.
Бүгінгі күнге үйлерді әрлеу жұмыстары мен есік алды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Тамыз айының соңына дейін құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарлануда, - дейді облыс әкімінің орынбасары С.Сүлейменов.
2018 жылы облыс бюджетінен бөлінген қаржы есебінен қолайсыз болып анықталған 142 елді мекенге көктемгі залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген. Облыс бойынша жүргізілген көктемгі залалсыздандыру жұмыстарының тиімділігі – 98,7% құрады. Ағымдағы жылдың 13 тамызы мен 19 қазаны аралығы мерзімінде 163 елді мекенге күзгі залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.