Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КӨШБАСШЫҒА ЕРГЕН ҚҰР БОЛМАС

КӨШБАСШЫҒА ЕРГЕН ҚҰР БОЛМАС

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Ел басы Н.Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты Егемен Қазақстан газетінде жариялаған қазақстандықтарға арнаған үндеуін интернеттен толық оқып шықтым. Онда ҚР-ның тәуелсіздік жылдарындағы ең қиын кезеңдерінен де қазақстандықтардың қалай шыққандығы туралы тәжірибелерді айта келе, бүгінгі күні әлем халқының басына төнген індеттен де, құтылудың ең басты жолы баршамыздың сабырлы, байсалды болуымыз керек екендігі туралы үндеген ақ тілегі жария етілген.
Әлем бойынша бүгінде 1,4 миллионнан астам адамды сырқатқа шалдықтырып, он мыңдаған адамның өмірін қиып кеткен бұл зауалдың алдын алуда еліміз алғашқылардың бірі болып сақтық шараларына кірісіп, әлем мемлекеттерімен бірлесе коронавирус дертіне дауа іздеп, осы күнгі ғылым-білімнің жетістігіндегі ең соңғы жаңа табылған емдерге дейін жер жүзі болып бірлесе пайдалануға еліміздің күш салып жатқанын ел-халыққа жеткізіп, осы ортақ іске баршамыздың жұдырықтай жұмыла түсуімізді үндеген.
Тәуелсіздік жылдарының өн бойында алыс-жақын шет елдермен парасаттылықпен орнатылған байсалды саяси қарым-қатынастың, пандемияның өршіп бара жатқан бұл кезінінде де өз жемісін беріп жатқанын, соның нәтижесінде шетел мемлекеттері осы қиын қыстау кезеңде бір-біріне ерікті түрде бауырмалдықпен қол ұштарын созып, жатқанын баян еткен.
Осындай кезеңде сөз жоқ экономика мен елдің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына да оңай тимейді. Бірақ осы қиындықтардың барлығын ел экономикасын әртараптандыру үшін жасалған «Қазақстан-2050» стратегиясы аясында жүргізілген реформалардың, соның нәтижесінде жинақталған Ұлттық қордың бүгінгі қиындықты еңсеруге, сөйтіп әлеуметтік топтарға, кәсіпкерлерге, ауылшаруашылығы мен басқада салаларға берілетін көмектерге зор ықпалы тиіп жатқаны сөз болған.
Осы жұмыстарды әрман қарай жүйемен, тәртіппен, үйлесіммен, нақты жоспармен әрекет етіп, осы уақытша қиындықтан шығуға барлық деңгейдегі басшыларды күш салуға шақырған.
Рухы мықты, өзіне сенімді адамдар қиындық арқылы шыныға түсіп, өзгелерді бойкүйездіктен, сарыуайымнан, енжарлықтан арылта отырып, халықпен бірге шыңдалып, індетке қарсы тұруда «Бірлесе отырып тірлік жасап», аға ұрпақ пен зиялы қауымға: осындай қиын-қыстауда бас болып халықты ынтымаққа, жақсылыққа, ізгі амалдар жасауға, саламатты өмірсалтын ұстануға, жаңа өскіндерге: өз қатарлары мен іні-қарындастарын үлкенге – ізетті, кішіге – қамқор, бір-бірімен шынайы дос бола алуға шақыру керектігіне бағыт сілтеген.
Сондықтан мен осы үндеуді оқып, қысқаша түйген ойларым мен әсерлерімді сіздерге жеткізе отырып, шынында аузымызды әр жаққа қисайтпай, жығылып жатып сүрініп кеткендерге күлмей, жел сөздерге ере бермей Аллаһқа құлшылық еткен «құл» болмайтынын, көшбасшыға ере білген ешқашан еш нәрседен құр қалмайтынын сезініп, Жаратқанның осы бір сынағынан шынығып өтейікші дегім келеді.

Шарафадин АЛТЫНБАЙ,
«ШДАМ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
Қазалы ауданының құрметті азаматы.
Ардагер ұстаз.
09 сәуір 2020 ж. 190 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области