Байқоңырдан ХҒС-қа 2020 жылдың алғашқы басқарылатын ғарыш кемесі жіберілді
Kyzylorda-news.kz. Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 14 сағат 05 минутта Байқоңып ғарыш айлағының №31 ұшыру алаңынан «Союз МС-16» басқарылатын ғарыш кемесі бар «Союз 2.1а» зымыран тасығышы ұшырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ғарыш кемесінің бортында құрамы Роскосмос ғарышкерлері Анатолия Иванишина мен Иван Вагнер, сондай-ақ NASA астронавты Кристофер Кэссидидан тұратын ХҒС-63 экипажы бар. Ұшуға жарты сағат қалғанда Роскосмос телестудиясы Байқоңырдан ұшырылым туралы тікелей қосылу арқылы репортаж жасай бастады. Бағдарлама барысында жүргізуші тікелей эфир қатысушыларын ғарышкерлердің өмірбаянымен таныстырды. Әріптестеріне сәттілік тілеген ғарышкер Антон Шкаплеров көрермендермен тікелей байланыста болды.
«Союз 2.1 а» зымыраны Нұр-Сұлтан уақыты бойынша белгіленген уақытта 14 сағат 05 минутта ұшырылды. Көрермендер тікелей эфирден ғарышқа ұшудың керемет сәтін ғана емес, ғарышкерлермен бірге кеме бортынан қосылған сәтті де тамашалады. «Союз МС-16» ғарыш кемесі ұшырылғаннан кейін тоғызыншы минутта штаттық негізде зымыран тасығыштан бөлініп, орбитаға шықты. Бұл туралы Байқоңыр ғарыш айлағынан тікелей репортаж жүргізушілері хабарлады.
ХҒС-63 экипажының тәжірибесі мол. Ресейлік ғарышкер Анатолий Иванишин мен америкалық астронавт Кристофер Кассиди үшінші рет, ал ресейлік ғарышкер Иван Вагнер бірінші ғарышқа ұшты. Экспедицияның ұзақтығы - 196 тәулік. Осы уақыт ішінде ғарышкерлер үлкен көлемде ғылыми тәжірибелер жүргізеді.