Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БАЙҚОҢЫРДАН ҰШҚАН ҒАРЫШ КЕМЕСІ АПАТҚА ҰШЫРАДЫ

БАЙҚОҢЫРДАН ҰШҚАН ҒАРЫШ КЕМЕСІ АПАТҚА ҰШЫРАДЫ


2018 жылғы 11 қазан күні 14 сағат 40 минут 15 секундта Байқоңыр ғарыш айлағының Гагарин старт алаңынан орбитаға басқарылатын көліктік «Союз МС-10» кемесін алып шығуы тиіс «Союз ФГ» зымыран тасығышы ұшырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Бірақ старт берілген соң бірнеше минуттан кейін Роскосмос сайтындағы тікелей көрсетілім үзіліп, диктор «зымыран тасығыштың апатқа ұшырағанын» хабарлады.
«Союз МС-10» кемесінің бортында Роскосмос ғарышкері Алексей Овчинин мен NASA ғарышкері Ник Хейг бар.
Ресей ғарыш саласы өкілдерінің айтуынша, экипаж аман, апаттық түрде шамамен Қазақстан аумағына қонады.
Қазғарыш қызметкерлерінің «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігіне мәлімдеуінше, Байқоңырда апаттық жағдай жөніндегі комиссияның отырысы өтіп жатыр. Оның қорытындылары кейінірек белгі болады.

11 қазан 2018 ж. 13 200 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области