Аралда тосқауыл бекетін айналып өтпек болғандар қамауға алынды
Kyzylorda-news.kz. Төтенше жағдай және карантин режиміне сәйкес Арал қаласына кіре беріс жолдарына бақылау бекеттері қойылып, аудан аумағына кіріп-шығуға тыйым салынғаны белгілі.
Дегенмен, қойылған шектеуге қарамай, бақылау бекетін айналып өтпекші болған 9 азамат анықталды.
Қазіргі таңда аталған азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 1-тармақшасы бойынша кінәлі деп танылып, сот шешімімен әкімшілік қамаққа алынды.