Қызылордада коммуналдық қызметтерді төлейтін кассалар қайда жұмыс жасайды?

«Құрметті «Энергосервис» ЕЖШС тұтынушылары, сіздерге барынша қолдау көрсету мақсатында келесі кассалар жұмыс жасайтынын хабарлаймыз: Энергосервис ЕЖШС-нің орталық кеңсесінде (Әуезов көшесі №19) 4 касса Біріңғай Төлем Құжаты (БТҚ) бойынша төлемнің барлық түрін қабылдайды (электр энергиясы, су, жылу, ТБО, КСК қызметі); - Сонымен қатар қала аумағында келесі кассалар қызмет көрсетеді: Запад - Ақмешіт 18, Шұғыла - Мүсірепов 77а, Титов - Жаңақұрылыс 12б, Қызылжарма - Торайғыров 148. Қосымша кассалар ашу жолдары қарастырылуда», – делінген аталған хабарламада.
Аталған мекеме облыс тұрғындары үшін арнайы коммуналдық қызметтер және төлем туралы ақпарат алудың қосымша тәсілдерін енгізді:
Электр энергиясы үшін Онлайн төлем: - негізгі банктердің мобильдік қосымшасы арқылы (Халық банкі, СБЕРБАНК, КАСПИ және т. б.) - жоғарыда көрсетілген банктердің ресми веб-сайттарында - QIWI және Касса24 төлем терминалдары арқылы. Электр энергиясының Жеке шотының жағдайын сіз мына сайттан біле аласыз: energoservice.kz
Бірыңғай төлем құжаты (БТҚ) бойынша ақпаратты мына жерден алуға болады: - ресми веб-сайтта epd.kz, Жеке кабинетте (егер сіз тіркелмеген болсаңыз, Сайтта тіркелу рәсімінен өту қажет) - Жеке кабинетте сіз онлайн-банкинг арқылы, SENIM интернет әмиянының көмегімен, сондай-ақ ұялы телефон теңгерімінен төлей аласыз - Telegram мессенджерінде сіз БТҚ электрондық нұсқасын жүктей аласыз – EPD QYZYLORDA парақшасына кіріңіз,сондай-ақ БТҚ төлеу үшін КАСПИ сілтеме бойынша өтіңіз. - КАСПИ банктің мобильді қосымшасында сіз сондай-ақ БТҚ төлей аласыз .
Қосымша ақпарат алу үшін бірыңғай call-орталығына хабарласыңыз: 40-09-79.
Қалалық телефон нөмірінен + 7-771-936-54-01.
Ұялы телефоннан + 7-771-936-54-02.
Авариялық жағдай туындаған жағдайда: 40-07-47 қалалық телефон нөмірінен және + 7-771-040-07-47 ұялы телефон арқылы.