Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Дәурен Тайыров: Бітімгершілік – берекенің бастауы

Дәурен Тайыров: Бітімгершілік – берекенің бастауы

Kyzylorda-news.kz. Ежелден үлкеннің уәжіне тоқтап, айтылған сөздің қадірін біле білген халқымыз «бітімге келмегеннен береке сұрама» деп бекер айтпаған. Әділдігі мен адалдығын жоғалтпаған қазақ үшін бітімгершілікке келіп, дауды ушықтырмай, татуласу арқылы шеше білу бөтен қасиет емес.

Бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. «Алдыңа келсе атаңның құнын кеш», «Дау мұраты – біту» деген қағиданы басшылыққа алып келген қазақ елі ақсақалдар мен беделді азаматтардың әділ, парасатты шешіміне тоқтап, қаншама ушыққан дауды шешіп, әділдіктің ақ туын желбірете білген және осының арқасына еліміздің тұтастығы мен халықтың ауызбіршілігін сақтап қалған. Қазақтың дана билері ел арасында туындаған кез келген дау-дамайды бітімгершілікпен шешкен. Осындай ұлы қасиеті бар елімізде соңғы кезде азаматтарымыз даукес болып, ерегіске құмарланып кеткендей көрінеді. Елбасының жариялаған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі өзегі қазақ халқының ұлттық санасы мен болмысына қайта оралу. Біз өзіміздің төл болмысымыздағы «Біреудің ала жібін аттамау», «Ағайынның азары болса да, безері жоқ » деген қасиетімізді жоғалтып алуға тиіс емеспіз.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты 2018 жылы ұсынған «Сот төрелігінің жеті түйіні» шеңберінде «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасы аясында қоғамдағы даукестік деңгейін төмендету, дауларды сотсыз шешу институттарын дамыту, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін өңірімізде бірқатар жұмыс атқарылып, екі жақты келісетін шешім қабылдануы мүмкін істерді қараудан соттар біртіндеп босатылды. Татуласу рәсімдерін мейлінше көп қолдануға ықпал етіп, азаматтар арасында дау туындаған жағдайда түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бітімге шақыруға бағытталған шараларды жүзеге асыру өз нәтижелерін беруде.
Жақсы істі, оң бастаманы қолдайтындар аз емес. Сондықтан халықтың сана-сезімін даукестіктен кешірімді болуға бұрып, орын алып отырған даулардың деңгейін төмендетіп, келіспеушіліктерді татуласу арқылы шешуге бағытталған барлық шараларды іске асыру жалпы азаматтық міндет болуы тиіс. Бұл қоғамның бүгінгі басты талаптарының бірі.


Дәурен ТАЙЫРОВ,
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы
13 сәуір 2020 ж. 293 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области