Қызылордада полицейге тіл тигізген жігіт жауапкершілікке тартылуда
Kyzylorda-news.kz. Қызылордада полиция қызметкеріне тіл тигізген облыс тұрғыны ұсталды.
13 сәуір күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының ғимаратында соттың қаралуын күтіп отырған азаматтардың бірі қызметтік міндетін атқарып тұрған полиция қызметкерінің ескертуін елемей, тіл тигізген.
Полиция қызметкері 23 жастағы жас жігітті сабырлық сақтауын сұрағанымен, ол полицейдің талабын орындаудан бас тартып, билік өкілін өз қызметтерін атқару кезінде әдепсіз сөздермен балағаттаған.
Бүгінгі таңда бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабының 2-бөлігімен (билік өкілін қорлау) сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе 160 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 160 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланатын болады.