Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Білім министрлігі ҰБТ-ға қатысты қандай жоспар әзірленіп жатқанын хабарлады

Білім министрлігі ҰБТ-ға қатысты қандай жоспар әзірленіп жатқанын хабарлады

Kyzylorda-news.kz. Білім және ғылым министрлігі елде коронавирусқа байланысты жағдай ушықса, ҰБТ өткізудің жаңа жоспарына көшеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов Қазақстанда қашықтықтан оқытуды дамытуға арналған онлайн-конференция кезінде биыл тестілеу әдеттегі мерзімде өткізілетінін айтты. Министр сынаққа дейін карантин аяқталатынына үміттеніп отырғанын жеткізді.
«Ұлттық бірыңғай тестілеу маусым соңы мен шілденің басында өткізіледі. Жылдағыдай форматта өткізуге дайындалып жатырмыз, әрине, бірқатар шектеу шаралары қолданылады. Алайда бұған қарамастан, біз қазір коронавирус пен карантинге байланысты қосымша жоспар да әзірлеп жатырмыз», - деді министр.
Бұған дейін министрлік ұлттық бірыңғай тестілеу жыл сайынғы форматта өтетінін бірнеше мәрте мәлімдеген болатын.
16 сәуір 2020 ж. 186 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области