Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҰБТ қажет пе, жоқ па? Білім министрі көптің көкейіндегі сұраққа нүкте қойды

ҰБТ қажет пе, жоқ па? Білім министрі көптің көкейіндегі сұраққа нүкте қойды

Kyzylorda-news.kz. Ұлттық бірыңғай тестілеу мемлекеттік гранттарды бөлген кезде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін өткізіледі. Бұл туралы білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Ұлттық бірыңғай тестілеу мемлекеттік гранттарды бөлген кезде жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін өткізіледі. Біз тестілеу жүйесін одан әрі жетілдіру керек деп ойлаймыз. Қазір білім жүйесінде істейтін қызметкерлермен консультациялық жұмыстар жүріп жатыр. Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орнына түсу жүйесін жетілдіруді көздеп отыр", - деді Шәмшидинова журналистерге.
Министр мемлекетік грантты бөлу маңызды процесс екенін атап өтті.
"Өйткені еліміздің барлық азаматы осы грантқа үміттенеді. Сондықтан министрліктің міндеті – барынша ашықтықты, азаматтардың тең құқығын, ең бастысы, грантты бөлу кезінде әділдікті қамтамасыз ету. Сондықтан біз мұны осы позиция тұрғысынан қарастырамыз", - деді ведомство басшысы.
Айта кетсек, елімізде ҰБТ 20 маусым мен 5 шілде аралығында басталады. Талапкер бұрынғыдай үш негізгі пән – Қазақстан тарихы, математика және оқу сауаттылығын тапсырады. Бұдан бөлек, екі салалық пән бар. Оны талапкер өзі таңдайды. Бес пән бойынша 120 тапсырма беріледі, алайда одан әр түлектің 140 ұпай жинауға мүмкіндігі бар.

29 мамыр 2019 ж. 462 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области