Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ғалым коронавирустан айыққан адам қандай қиындыққа тап болатынын айтып берді

Ғалым коронавирустан айыққан адам қандай қиындыққа тап болатынын айтып берді

Kyzylorda-news.kz. Коронавирус дертімен ауыратын науқастарда өкпенің көлемі кішірейіп, мидың қызметі нашарлайды. Бұл туралы Джордж Мейсон университетінің (АҚШ) жүйелік биология мектебінің профессоры Анча Баранова айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
«Аталған дерттің ауыр түрін бастан өткерген жастар бұдан былай марафонға қатыса алмай, ал қарт адамдар баспалдаққа көтерілген кезде тыныс алудан зардап шегеді. Әрине, осы санаттағылардың бәрі емес», – дейді Баранова.
Сонымен қатар, профессордың айтуынша, коронавируспен ауыр сырқаттанған науқастарда неврологиялық белгілер пайда болады. Егде жастағы адамдарда сана-сезім шатасуы мен бағыттан ауытқушылық белгілері жиі кездеседі.
«Вирустың нейроқабыну жүргізу мүмкіндігі күмән тудырмайды. Оның қанша уақытқа созылатыны және қашан аяқталатыны да қазірше белгісіз. Өйткені, науқастар ауруханадан жазылып шықаннан кейін де, шаршау мен көз алдының тұманданатынын айтуда», – деді Анча Баранова.
Демек, адам сауығып, қалпына келгеннен кейін де аурудың салдары қанша уақытқа созылатыны әлі белгісіз.
16 сәуір 2020 ж. 162 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области