Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда қаласына қарасты саяжайларға жылжымалы көлікпен көшпелі сауда ұйымдастырылуда (ФОТО)

Қызылорда қаласына қарасты саяжайларға жылжымалы көлікпен көшпелі сауда ұйымдастырылуда (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Төтенше жағдай кезеңінде Қызылорда қаласының төңірегінде орналасқан саяжайларға жылжымалы көлікте көшпелі сауда ұйымдастырылды.
Төтенше жағдай кезеңінде қала аумағында блок-бекеттер орналасуына орай, қалаға қарасты елді-мекен тұрғындарының қалаға кіріп-шығуына шектеу қойылды.
Осы ретте, қала әкімінің тапсырмасымен қаланың шет аймақтарында шоғырланған елді мекендердегі халықтың күнделікті тұтынатын азық-түлік тапшылығын болдырмау мақсатында, «Мирас» және «Анвар» сауда орталығының демеушілігімен арнайы жүк көлігі бөлініп, қала төңірегінде орналасқан саяжайларға («Эделвейс», «Сабалақ», «ПМК-29», «Электромонтажник», Наурыз, Ақсуат, т.б.) нарық бағасынан 5-10% төмен бағада азық-түлік және тұрмысқа қажетті заттармен көшпелі сауда ұйымдастырылды. Жалпы көшпелі саудаға 5 тонна көлемінде сұранысты қажет ететін өнім түрлері (азық-түлік: картоп, пияз, сәбіз, күріш, рожки, сүт, шәй, өсімдік майы; тұрмыстық заттар:сабын, ұнтақ, сіріңке, фейри, шампунь т.б.) сатылымға шығырылды.
«Қазір бекеттерге тосқауыл қойылғандықтан қалаға өте алмай қалдық. Бүгін міне бізге көшпелі сауда келгенін естіп, қажетті заттарымды алып жатырмын. Шімішкі май, картоп, сәбізімді, т.б. алып жатырмын. Енді бізге жиі келіп тұрса екен, бағалары да тиімді», – деді саяжай тұрғыны Айнагүл Оразымбетова.
Бұған қоса, қаладағы 167 дәріханалардың ішінен «Еврофарм» ЖШС жылжымалы дәріхана қызметі қаланың шет аймақтарына шығып өз тауарларын халыққа ұсынуда.
«Қазіргі таңда төтенше жағдай режимі кезінде қаланың кіре беріс жерлерінде 5 тосқауыл бекеттері қойылғандықтан, қаланың шеткі елді мекендерін азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында бүгін жылжымалы көлікте көшпелі сауда ұйымдастырып отырмыз. Бұл бірінші кезекте карантин кезінде қауіпсіздікті сақтай отырып, тұрғындар сыртқа бармай-ақ үйінің алдына келіп тұрған жылжымалы көліктен қолжетімді бағада қажетті өнімдерін ала алады. Бұл жұмыстар төтенше жағдай кезеңінде өз жалғасын табатын болады», – дейді қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Алмасбек Есмаханов.


17 сәуір 2020 ж. 193 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области