Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда қаласының кәсіпкерлері қайырымдылық ісімен тұрақты айналысуда

Қызылорда қаласының кәсіпкерлері қайырымдылық ісімен тұрақты айналысуда

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласының қайырымды, жанашыр азаматтары сын сағатта көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беруде. Қала кәсіпкерлері қиындықта қалған жандармен бірге болып, қайырымдылық ісін жақсы жолға қойған.
Бұл жолы да қала кәсіпкері Дәулет Қайсариев «Біз біргеміз!» акциясы аясында аз қамтылған және көп балалы, ерекше қамқорлықты қажет ететін 200 отбасына азық-түлік үлестірді.
«Мемлекет басшысы төтенше жағдай режиміне орай қанша шаралар жасап жатыр. Еліміздің кәсіпкерлері де қарап қалмай қолдарынан келгенше көмектерін беруде. Менде мекеменің және отбасымның атынан қаладағы аз қамтылған және көп балалы отбасыларға азық-түлік таратып, халықты сабырға шақырғым келеді. Бұл қиыншылықты да артқа тастап, жарқын күндерге бірге жетеміз», - деді «МұнайТехСервизОрда» ЖШС директоры Дәулет Қайсариев.
Айта кетейік, Қызылорда қаласының белгілі кәсіпкері Мырзабай Шалғымбаев елімізде болып жатқан жағдайға байланысты ел үшін аянбай еңбек етіп жүрген дәрігерлерге қолдау көрсетті. Қала кәсіпкері «Достық» қонақ үйін медицина қызметкерлеріне пайдалануға берді. Қысылтаяң шақта елмен бірге болғандарыңыз үшін үшін алғысымызды білдіреміз!


17 сәуір 2020 ж. 225 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области