Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Гүлшара Әбдіқалықова Сырдария ауданының Аманкелді ауылында барды (ФОТО)

Гүлшара Әбдіқалықова Сырдария ауданының Аманкелді ауылында барды (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Сырдария ауданының Аманкелді ауылына барды.
Бүгінде осы ауылдың 25 тұрғынынан коронавирустық инфекция анықталған. Олармен жақын қарым қатынаста болған 119, жанама қарым қатынаста болған 12 барлығы 131 адам оқшауландырылды.
Қарым-қатынаста болғандардың 123-і үй бақылауына шығарылса, 8-і стационарлық бақылауда. Тест сынамалары тексеріліп жатыр.
Екі мыңнан астам адам тұратын елді мекенде қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Ауылға кіреберісте тосқауыл бекеті қойылған. Кіруге және шығуға тыйым салынған. Ауыл көшелерінде де қозғалыс шектелген
Тұрғындардың тек азық-түлік, дәрі-дәрмек немесе медициналық көмек алу үшін үйден шығуына рұқсат етіледі
Облыс әкімі жағдай тұрақталмайынша, қатаң тәртіп сақтау қажеттігін ескертті. Көпшілік шараларды өткізуге тыйым салды.
Сондай-ақ, аудан және ауыл әкіміне карантин талаптарының орындалуын басты назарда ұстап, елді мекендерді дер кезінде залалсыздандыру, індеттің таралуына жол бермеу тапсырылды.




20 сәуір 2020 ж. 191 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области