Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жемқорлық туралы хабарлаған адамға мемлекет қандай кепілдік береді?

Жемқорлық туралы хабарлаған адамға мемлекет қандай кепілдік береді?

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда жемқорлық туралы хабарлаған адамға немесе осы сипаттағы қылмыстың бетін ашуға септескен азаматтарға қандай қолдау бар?
Бұл сұраққа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әкімшілік-құқықтық департаментінің директоры Айгүл Базарбаева жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жемқорлық туралы хабарлаған адамды немесе осы сипаттағы қылмыстың бетін ашуға септескен азаматтарды көтермелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес механизмдерінің бірі саналады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жемқорлық фактісі туралы азаматтарды көтермелеудің жүйесі бекітілді. Азаматтарды көтермелеудің сараланған жаңа жүйесі енгізілді. Қазіргі таңда жемқорлық туралы хабар берген адам сол қылмыс барысында анықталған соманың 10 пайызына ие болады. Тіпті қылмыс барысындағы ақша көлемі 1000 АЕК болса да хабарлаған адам өз үлесін алады. Яғни 5 млн теңгенің қылмысы туралы хабарлаған адамға 500 мың теңге беріледі», - деді ол агенттіктің онлайн режимдегі баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, жемқорлық туралы хабарлаған адамды қорғау тетіктері де қарастырылған. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңға сәйкес осы қылмыс туралы хабар берген азамат ақшалай көтермелеумен қамтамасыз етіліп қана қоймай, мемлекеттің қорғауына алынады. Ол кісі туралы ақпарат мемлекеттік құпияға жатады.
Айта кетсек жемқорлық жағдайымен бетпе-бет келген адам 1424 нөміріне хабарласуына болады.
21 сәуір 2020 ж. 218 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области