Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мадина Жүсіпбекова: «Митинг туралы жаңа заң халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді»

Мадина Жүсіпбекова: «Митинг туралы жаңа заң халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді»

Kyzylorda-news.kz. Қазіргі таңда ҚР-ның «Қазақстан Республикасындағы бейбітшілік жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының жобасы талқылануда. Бұл Заң 17 наурыз 1995 жылы қабылданған, сондықтан жаңадан қарауды талап етеді. Занның жобасы өзекті болып табылады.
Өйткені, бейбітшілік жиналыстарға еркіндік құқығы адамның өз ойын еркін білдіруге, еркін бірігуіне және мемлекеттің ісін басқаруға қатысу құқықтарын жүзеге асырудың ажырамас негізі болып табылады. Бұл құқық 16 желтоқсан 1995 жылы қабылданған Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі Халықаралық пактісінде белгіленген. Ол жерде «Бейбiт түрдегi жиналыстарды өткізу құқығы танылады. Бұл құқықты пайдалану тек демократиялық қоғамның мемлекеттік, немесе қоғамдық қауiпсіздiк пен қоғамдық тәртiп мүдделерiн, жұрттың денсаулығы мен имандылығын сақтау және басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау қажет етiлетiн, заңмен көзделген шектеулерден тыс шектелуi тиiс емес».
Осыған орай, бейбітшілік жиналыстарға құқық адамның негізгі азаматтық құқықтарының бірі болып табылады және құқықтық демократиялық мемлекетте өмір сүріп жатқан адамға тиесілі.
Заң жобасы келесі негіздер бойынша бірқатар өзгерістерді қарастырады:
– заң нормаларын ҚР Конституциясының нормаларына сәйкестендіру;
– заң нормаларын ҚР басқа заңдарына сәйкестендіру;
– бейбітшілік жиналыстар нысандарын анықталуын нақтылау;
– норманың өзін нақтылау;
– артық нормаларды алып тастау;
– қайталанатын нормаларды алып тастау;
– нормаларлы редакциялау;
– қоғамдық тәртіппен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ішкі істер мен прокуратура органдарына ықпал ету;
– пикеттерді өткізуге тыйым салынған жаңасқан аумақтардың шекарасын анықтау бойынша жергілікті өкілетті органдардың құзыреттерін орнату мақсатында;
– бейбітшілік жиналыстарды өткізу туралы хабарламаларды беру мерзімдерін қысқарту мақсатында.
Одан басқа, бірқатар толықтырулар енгізілді.
Кейбір өзгерістерге тоқталатын болсақ, мысалы, заң нормаларын ҚР Конституциясының нормаларына сәйкестендіру бойынша, Заң жобасының 1 бабы ҚР Конституциясының 32 бабына сәйкес нақтыланған. Бұл жерде «қауіпсіздік» сөзі «мемлекеттік қауіпсіздік» сөзімен толықтырылған, «денсаулық» сөзі «денсаулықты қорғау» сөз тіркесімен, «қоғамдық тәртіп» сөзімен толықтырылған.
Мысалы, Заң нормаларын ҚР басқа Заңдарына сәйкестендіру бойынша, Заң жобасының 1 бабының тармақшасы ҚР-ның «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының нормаларымен сәйкестендірілген. Бұл жерде «журналист» термині жоғарыда аталған Заңда қарастырылған, сондықтан бұл Заңда қайталауды талап етпейді делінген және ҚР-ның «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 1 бабына сәйкес «жергілікті атқарушы орган» терминіне түсініктеме берілді.
Толықтыруларға тоқталатын болсақ, «Бейбітшілік жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу қағидалары» деп аталатын Заң жобасының 3 бабы келесі қағидалармен толықтырылды: бейбітшілік жиналыстарды өткізу пайдасына презумциясы және тараптардың жауапкершілігі. Бейбітшілік жиналыстарды өткізу пайдасына презумция дегеніміз кез-келген шеру бейбіт және шешілетін болуға тиіс, егер билік ол туралы хабардар болып және оған биліктің жауабы жоқ болса, онда бейбіт шеруді өткізу үндемеу арқылы келісілген болып табылады.
Кез келген демократиялық мемлекет халықаралық қауымдастықта өмір сүре отырып және халықаралық стандарттарды орындай отырып, өз азаматтарының құқықтарын толығымен жүзеге асыруын қамтамасыз етуге міндетті.
Қорыта айтқанда, митинг туралы жаңа заң халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін сөзсіз.
22 сәуір 2020 ж. 195 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области