Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Төтенше жағдай: Емтихан тапсыру мен дипломдық жұмыстарды қорғау қалай өтеді?

Төтенше жағдай: Емтихан тапсыру мен дипломдық жұмыстарды қорғау қалай өтеді?

Kyzylorda-news.kz. ҚР Білім және ғылым министрлігі емтихандарды тапсыру мен дипломдық жұмыстарды қорғау бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірледі. Бұл туралы ведмоствоның баспасөз қызметі хабарлады. Оның алгоритмі заңнама талаптарына, БҒМ-нің қашықтан оқытуды ұйымдастыру жөніндегі бұйрығына (2020 жылғы 1 сәуірдегі №123), сондай-ақ ЮНЕСКО-ның ұсыныстарына негізделген.
Бүгін ведомствоның Facebook-тегі ресми парақшасындағы тікелей эфирде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов ЖОО ректорларымен бірге қашықтан білім беру жағдайында емтихандар мен дипломдық жұмыстарды қорғау қалай өтетінін түсіндірді.
Вице-министр Мирас Дәуленов емтихандарға қатысты студенттерді екі санатқа бөлу қажет екенін айтты, олар – 1,2,3-курс студенттері және биыл оқуын тәмамдайтын түлектер.
Студенттердің бірінші санатына қатысты қиындық жоқ, олар сессияларын тапсырады. Оның 3 жолы ұсынылуда:
1. Емтиханды қашықтан тапсыру форматы;
2. Пән бойынша бағаны ағымдағы бағаларының негізінде қою;
3. «I» (Incomplete) бағасын қою арқылы емтихан тапсыру мерзімін шегеру. Бұл студенттерге емтиханды кейін тапсыруға мүмкіндік береді және оларды оқудан шығарудан қорғайды.
Нақты шешімді әрбір ЖОО академиялық дербестігі аясында өзі қабылдайды.
Бүгінгі күні студенттердің қашықтан оқыту форматында орындаған жұмыстарына 1,15 млн. баға қойылғанын атап өткен жөн.
Студенттердің екінші санаты – соңғы курс студенттері.
Егер карантиндік шектеулер алынбаса, онда дипломдық жұмыстар қашықтан қорғалады. Айта кетерлігі, студенттер дипломдық жұмыстарын ақпан-наурыз айларында алдын-ала қорғаған болатын, яғни негізгі жұмыс атқарылды.
Кешенді емтиханға келетін болсақ, мұнда әрбір ЖОО үш нұсқаның бірін қолданады:
1. Кешенді емтиханды қашықтан тапсыру форматында өткізу;
2. Жиынтық бағаны базалық пәндер бойынша бағаларының негізінде қою;
3. Кешенді емтиханды кешірек мерзімге ауыстыру (жазға немесе күзге).
Осылайша, ЖОО министрлік тарапынан рұқсат алмай-ақ, жиынтық бағаны базалық пәндер бойынша бағаларының негізінде қою арқылы кешенді емтихандарды өткізбеу туралы шешім қабылдай алады.
Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылы Қазақстанның жоғары оқу орындары академиялық дербестік алды, соған байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстар заңнамаға толық сәйкес келеді.
«Бүгін біз емтихан тапсыру және дипломдық жұмыстарды қорғау алгоритмін талқыладық. МЖМБС-на сәйкес, ЖОО-ы емтихан өткізу түрлерін өз бетінше анықтайды. Дегенмен, қашықтан оқыту жағдайында Министрлік тарапынан әдіснамалық қолдау көрсету қажеттілігі туындайды. Ол үшін біз барлық жоғары оқу орындарымен алдын ала талқыланған алгоритмді әзірледік», - деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов.
Биыл 604 345 студент емтихан тапсырады, оның 142 435-і қорытынды аттестаттауға кірісетінін атап өтеміз.
2020 жылғы 16 наурыздан бастап азаматтық ЖОО қашықтан оқытуға көшті. Дәрістер мен семинарлар MS Teams, Meet by Google Hangouts, Zoom және басқа да сервистердің көмегімен онлайн режимінде өткізіліп жатыр, ал студенттердің тапсырмалары Canvas, Moodle, Univer және Platonus платформаларында орындалуда.
Тікелей эфирге UIB Университетінің Президенті Дархан Ахмед-Зәки, Нархоз ректоры Эндрю Вахтель, Yessenov University-нің ректоры Берік Ахметов, ҚазҰУ оқу ісі жөніндегі проректоры Асқар Хикметов, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының білім беру бағдарламасы бойынша Ұлттық маманы Мейіргүл Алпысбаева, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев, «ADAL BILIM» жобалық кеңсесінің әкімшісі Сергей Пен және «Қазақстан студентерінің альянсы» Республикалық студенттер қозғалысының Президенті Ілияс Түстікбаев қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
22 сәуір 2020 ж. 222 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области