Қызылордада 66 оқушы онлайн спорттық жарыста бақ сынады

Екі күнге созылған жарысқа Қызылорда қаласы мен аудандардан 66 спортшы қатысты.
Нəтижесінде ұлдар арасында аралдық спортшылар Бекет Əзілханов бірінші орынды иеленсе, Ұлан Əзілхан екінші, сырдариялық Ерсейіт Мұсаұлы үшінші орындарды еншіледі.
Қыздар арасында қазалылық Таисия Алексеева жеңімпаз атанды.
Екінші орынды – сырдариялық Гүлназ Уалиханқызы алса, үшінші орын – Арал спортшысы Жаннұр Кеңесбекке бұйырды.
Ал, «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясы қазалылық Абылайхан Əбдіханиға берілді.


