Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жаңа көліктерді енді онлайн тіркеуге болады

Жаңа көліктерді енді онлайн тіркеуге болады

Kyzylorda-news.kz. Қазақстандықтар енді автосалоннан сатып алған жаңа көліктерін egov.kz электронды үкімет порталы арқылы онлайн түрде тіркей алады.
Ол үшін автокөлікті сатып алуға мәміле жасай отырып, автосалон өкілі көлік құралын egov.kz порталы арқылы тіркеуге өтінім беруі тиіс.
Оған қажетті құжаттарды бекіту, автомобильдің VIN-кодын, сондай-ақ клиенттің ЖСН көрсету маңызды. Аталмыш өтінім сатып алушының жеке кабинетіне түсетін болады.
Сатып алушы осы өтініммен порталдағы жеке кабинетте танысып, мемлекеттік нөмірлік белгіні таңдап, мемлекеттік баж салығын және тіркеу алымын төлеп, өтінімді өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) қол қойып растау қажет.
Дайын техникалық құжатты және нөмірлік белгіні сатып алушы тиісті хабарлама алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде арнайы ХҚКО-дан ала алады. Сонымен қоса, қызмет алушы алдын ала ресімделген сенімхат бойынша құжаттарды және мемлекеттік нөмірді үйге жеткізу бойынша автосалон қызметін пайдалана алады.
Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай кезінде арнайы ХҚКО egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы ресімделген дайын құжаттарды беруге ғана жұмыс істейді.
Айта кетейік, бүгінгі күні бұл қызмет Қазақстан аумағында өндірілген, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автомобильдер үшін қолжетімді.
Аталған қызмет ҚР цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, ҚР Ішкі істер министрлігімен, «Азаматтарға арналған үкімет» МККЕАҚ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлесіп іске асырылды.
Оны сілтеме арқылы пайдалана аласыз:
https://egov.kz/cms/ru/services/vehicle/reg-vehicle_1
22 сәуір 2020 ж. 233 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области