Жалағаш аудандық мешіті қайырымдылық шарасын ұйымдастырды

Қайырымдылық акция барысында кенттегі көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасыларға азық-түлікпен көмек берілді.
Тұрғындар қасиетті Рамазан айы қарсаңында қайырымдылық жасаған азаматтарға ризашылықтарын білдірді. Бұл шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.