Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » COVID-19: Қызылордада 2484 медицина қызметкері қауіпті індетке тексерістен өткен

COVID-19: Қызылордада 2484 медицина қызметкері қауіпті індетке тексерістен өткен

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырған науқастар саны 161 адамға жетті. Соңғы тәулікте жаңадан анықталған 4 жағдайдың мән-жайын бүгін облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып берді.
«Қазіргі таңда Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырған 161 жағдай тіркелді. Соңғы тәулікте жаңадан 4 жағдай анықталды. Оның үшеуі – Қызылорда қаласынан, біреуі – Шиелі ауданының Бала би ауылынан. Қызылорда қаласынан тіркелген 2 тұрғын алдында анықталған науқастармен жақын қарым-қатынаста болып, карантиндік бақылауға алынғандардың арасынан анықталды. Біреуі – науқастылығына байланысты правизорлық ауруханаға жатқызылған науқастан тіркелді. Ал, Шиелі ауданындағы науқас та карантиндік бақылауға алынғандар тұрғындардың арасынан анықталды», – деді Жақсылық Абдусаметов.
Оның айтуынша, COVID-19 індетін жұқтырған өңірдегі 161 науқаспен байланыста болғандардың жалпы саны – 2423. Оның ішінде, жақын қарым-қатынаста болғандар саны – 1278, потенциалды байланыста болғандар – 1145 адамды құрап отыр. Бүгінгі таңда барлығы бақылауға алынып, оқшауланған. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық.
Сондай-ақ, бүгінгі таңда облысымыздағы жұқпалы аурулар ауруханасында – 115, правизорлық стационарда – 59, карантиндік стационарда – 448 адам бақылауда.
Брифингте Жақсылық Әбілқасымұлы мәлімдегендей, өткен тәулікте облысымызда коронавирустық инфекцияға байланысты 1143 тест сынамасы алыныпты.
«Соңғы тәулікте 1143 тест сынамасы жасалды. Оның 512 – теріс мәнді болып шықты. Ал, 629 – әлі тексерілу үстінде. Бүгінгі таңда облысымызда 6731 тест қоры қалды», – деді ол.
Сондай-ақ, басқарма басшысы өңірде коронавирустық инфекциямен тіркеліп отырған науқастардың өсімі тәулігіне республика бойынша төмендегенін жеткізді.
«Облыста жалпы науқастардың өсімі соңғы тәулікте 2,5%-ды құрап отыр. Республика бойынша көрсеткішке келсек, өңірде індет 7,2%-ды тұрақтаған. Бұл аймақта қауіпті індеттің тұрақталғанын көрсетеді. Медицина мамандары мен тұрғындардың бірлесе отырып, карантин талаптарын сақтаудың арқасында осы көрсеткішке жетіп отырмыз», – деді Ж. Әбілқасымұлы.
Жақсылық Әбілқасымұлы өңірде осы уақытқа дейін барлығы 2484 медицина қызметкерінен коронавирустық инфекцияға сынама тест алынғанын мәлімдеді. Оның 19-нан ғана қауіпті індет анықталған. Осы 19 қызметкердің арасында – дәрігерден бастап, техникалық қызметкер мен көлік жүргізушісіне дейін бар көрінеді.
«Бүгін қасиетті Рамазан айы басталды. Осы айда баршаңызға төзім, шыдамдылық, мейірім тілегім келеді. Біздің тілегіміз – елдің амандығы мен жұрттың тыныштығы. Біз бірге болғанда ғана қауіпті індетті жеңеміз», – деді спикер.
24 сәуір 2020 ж. 216 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области