Қызылордада коронавирус анықталған науқаспен қарым-қатынаста болған 3 азамат бақылауға алынған

«Қызылорда облысында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және алдын алу үшін санитарлық-профилактикалық іс-шараларды үйлестіру жұмыстарына байланысты, облыстың барлық емдеу мекемелері бірінші типтегі кастюмдермен, қорғаныс құралдарымен, сонымен қатар қажетті дәрі-дәрмек қорымен толық жабдықталып отыр. Қазіргі таңда провизорлық бағытта 100 төсек орын, карантиндік 850 төсек орын дайындалған», - деді Жақсылық Әбілқасымұлы.
2020 жылдың 14 наурызынан бүгінге дейін I (а) категория елдерінен Қызылорда облысының аумағына келген барлық ҚР-ның азаматтарының – 33. Облыстық инфекциялық ауруханада орналастырылғаны, яғни, карантиндік стационарда 8 адам жатыр.
«Байқоңыр ФМБА орналастырылғаны - 2 азамат. Анализ қорытындысымен КВИ анықталмады. Қалған – 23 азамат үй жағдайында бақылауда», – деді ол.
Ал I (б) категория елдерінен Қызылорда облысының аумағына келген ҚР-ның азаматтарының саны – 54. Үй жағдайында карантинде 48 азамат жатыр.
Облыстық Инфекциялық ауруханасына 4 адам орналастырылған. Оның ішінде, карантиндік стационарда – 3, правизорлық стационарда – 1 адам жатыр.
Сондай-ақ, Қазалы ауданаралық ауруханасына 2 адам орналастырған. Анализ қорытындысымен олардан КВИ анықталмаған.
«Сонымен қатар, КВИ анықталған науқаспен қарым-қатынаста болған 3 ҚР азаматы бақылауға алынып, 2- еуі Қазалы ауданаралық ауруханасына, 1-еуі Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Оның 1 – еуі Қазалының азаматы, 1 – еуі Қызылорда қаласының азаматы, 1 – еуі Шымкент қаласынан. Шымкет қаласының азаматшасын 24 наурыз күні Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылған. Қазіргі таңда денсаулық жағдайы бір қалыпты. Анализ қорытындысымен КВИ анықталмады», деп мәлімдеді басқарма басшысы.
