Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда күзде коронавирус екінші рет өршуі мүмкін – эпидемиологтар болжамы

Қазақстанда күзде коронавирус екінші рет өршуі мүмкін – эпидемиологтар болжамы

Kyzylorda-news.kz. Қазақстандық эпидемиологтар осы күзде елімізде коронавирустың екінші рет өршуі мүмкін екенін болжап отыр, деп хабарлайды «Еуразия» бірінші арнасы.
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен видеоконференция өткізген эпидемиолог-ғалымдардың пікірінше, коронавирус инфекциясы күзде тұмаумен бірге қайта өршуі ықтимал. Сарапшылар осы себепті халықтың көбіне тұмауға қарсы вакцина жасалуы керектігін айтады.
«Маусымдық гипотезаны қазір ешкім жоққа шығарып отырған жоқ. Маусымдық жағдайда тұмау қатты жүрмеуі ықтимал. Тиісінше жазда эпидемия жалғасуы мүмкін. Күзде де ол ары қарай кездесе береді», - дейді С.Аспендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің зерттеу жұмыстары бойынша проректоры Бауыржан Жүсіпов.
COVID-19 ауруын зерттеу үшін қазақстандық ғалымдар биоматериалдар банкін құруды ұсынып отыр. Телеарнаның хабарлауынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандарды сан жағынан алтыншы хаттамамен емдеуде.
Ғалымдармен кездесу барысында министр Ұлттық инфекциялық аурулар орталығын құру туралы сөз қозғаған.
24 сәуір 2020 ж. 225 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области