Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда өзінің коронавирус екенін білмейтін адамдар болуы мүмкін

Қазақстанда өзінің коронавирус екенін білмейтін адамдар болуы мүмкін

Kyzylorda-news.kz. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус жұқтырған, бірақ ол туралы өзі де білмейтін адамдар бар деп болжайды, деп хабарлайды zakon.kz.
Оның айтуынша, елімізде осындай ықтимал жағдай бар.
«Бұл тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде бар құбылыс. Біз әлемнің жетекші басылымдарының жарияланымдарын оқыдық, олар бұл маңызды мәселе екенін атап өтті. Қазақстанда жаңа вирус түрін жұқтырғандардың 85%-да ауру белгілері байқалған да жоқ. Біз оларды қауіпті елдерден келгеннен кейін, сол адамдармен байланыста болғандықтан карантинге жауып, сол кезде коронавирусты анықтадық. Бұл теориялық және іс жүзінде вирустың тасымалдаушылары ел арасында барын, онда да ауру белгілері білінбеген, сау секілді жүрген адамдардың бар екенін көрсетеді. Оларда ауру белгі бермейді. Бұкіл глобальды қауіптің мәнісі де осында. Мұндай адамдар үшін үкімет не істеу керектігін шешеді. Шынында да, тіпті дамыған елдерде коронавирус диагнозы қойылған және ауруы жеңіл жүргендерді ауруханаға жатқызбай, үйде карантинде қалдырған. Тактика болжау тұрғысынан өзгермейді. Сондықтан да біз эпидемиологиялық шараларды жүргізіп жатырмыз», - деді министр.

03 сәуір 2020 ж. 209 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области