Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сергей Громов: Биыл Қызылордада су тасқыны болмайды

Сергей Громов: Биыл Қызылордада су тасқыны болмайды

Kyzylorda-news.kz. Биыл Қызылорданы су басқан жоқ. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов ҚР Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің сайтында өткен онлайн сұхбатта айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бастапқыда жағдай күрделі болған. Алты аймақта 48% қар түрінде ылғал жиналып қалған. ҚР ІІМ ТЖ-мен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп істеген жұмыс нәтижесінде бәрі дұрысталды. Біздің міндет – су қоймаларының жарылып кетуіне жол бермеу. Біз су қоймаларын тәулік бойы бақылауда ұстадық. Сонымен қатар, бізге ауа райы жағдайы қатты көмектесті. Наурыз, сәуір айында күндіз ауа температурасы жоғары болған жоқ, түнгі ауа температурасы да ойдағыдай болды», - дейді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов.
Ол биыл Қызылордада су тасқыны болмайтынын айтты.
«Биыл Қызылорданы су басқан жоқ. Ол жақтағы су қоймасына алдымен көлемді су жіберу керек болды. Ол мұздың биіктікте қатуы үшін керек. Одан кейін аз су жіберген кезде кішкене арна пайда болып, ол жерден су емін-еркін өтеді. Бұл жұмыс биыл сәтті жүргізілді», - дейді Сергей Громов.
24 сәуір 2020 ж. 209 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области