Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Полигондарда 120 млн тонна тұрмыстық қалдық жатыр

Полигондарда 120 млн тонна тұрмыстық қалдық жатыр

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Үкімет отырысында жыл сайын полигондарда 5 млн тоннадан астам тұрмыстық қалдық қалыптасатынын айтты.
Қазіргі уақытта еліміздің 3,5 мың полигонында 120 млн тоннадан астам тұрмыстық қатты қалдықтар жинақталған және жыл сайын 5 млн тоннадан астам тұрмыстық қалдықтар қалыптасады. 2016 жылдан бастап тұрмыстық қалдықтарды өңдеу 2,6%-дан 11,5%-ға дейін, ал өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеу үлесі 26,8%-дан 32,2%-ға дейін өскені байқалады, - деді министр.
Мағзұмов 2019 жылдан бастап елде пластмассаны, макулатураны, картон мен қағаз қалдықтарын, шыныны көмуге тыйым салынғанын атап өтті. Алайда өңірлерде тиісті инфрақұрылым болмағандықтан, іске қосылған механизм жеткілікті дәрежеде жүзеге асырылмай отыр.
Қазіргі экологиялық проблемаларды талдау: атмосфералық ауаның сапасы, жер үсті суларының ластануы, кәріздік тазарту кешендерінің тозуы немесе болмауы, тұрмыстық қалдықтар полигондарының болмауы немесе нашар жай-күйі бойынша проблемалардың бар екендігін көрсетті. Бұдан басқа, шешуді қажет ететін жергілікті экологиялық проблемалар да бар. Жергілікті атқарушы органдар экологиялық жағдайды жақсарту бойынша кешенді шаралар қабылдау арқылы аталған проблемаларды шешуге тырысады, - деді Мағзұмов.
29 желтоқсан 2019 ж. 291 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области