Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қалдықты қайта өңдеу қалай жүзеге асуда?

Қалдықты қайта өңдеу қалай жүзеге асуда?

Қызылорда облысында жыл сайын ресурстық әлеуетті одан әрі дамытып, тұрмыстық қатты қалдықтарды заман талабына сай қайта өңдеу мақсатында қажетті шаралар қолға алынуда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен интернет-конференцияда облыстық экология департаментінің басшысы Марат Құрманбаев пен облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Жұлдызай Айтжанова тарқатып айтты, - деп хабарлайды syrboyi.kz.


– Мемлекет басшысы Жолдауда «Шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тарта отырып, тұрмыстық қатты қалдықтарды заман талабына сай утилизациялау және қайта өңдеу бойынша кешенді шаралар әзірлеуді» тапсырды. Қазіргі таңда тиісті жұмыс атқарылуда. 9 ай ішінде 120 мың тонна қалдық жиналып, оның 3040 тоннасы пайдаға жаратылды, – деді Марат Ердәулетұлы.
Оның айтуынша, өңірдегі қайта өңдеу саласында қызмет көрсететін кәсіпкерлер белсенді. «Ыбырайхан және К-ЛТД» компаниясы 2004 жылдан бері қатты қалдықтар айналымын басқару ісімен айналысып келеді. Өзге кәсіпкерлер де тұрмыстық қатты қалдықтардан шатыр жамылғысын және жаяу жүргіншілер жолына арналған төсеніштер жасап шығаруда. Мәселен, «Эко-Н Сервис», «ТемірЖас Group» ЖШС істен шыққан, құрамында жарамсыз сынабы бар шамдарды залалсыздандыруды жүзеге асырып келеді. Қармақшы ауданындағы «СтройСервис» серіктестігі аудан тұрғындарынан және көрші аудандардан полиэтилен пакеттерді қабылдап, пластмасса труба шығаруды жоспарлап отыр. Қазалы ауданындағы полигонды сенімгерлік басқаруға алған «Қазалы Көркем-Сервис» ЖШС да 10 мыңға жуық макулатура қалдықтарын пресстеп, Шымкент қаласына жөнелтуге кірісуде.
Спикер тозған автокөлік дөңгелектерін қайта өңдеу арқылы резеңке ұнтақтары мен жерасты суару түтіктерін шығару өндірісін жолға қойған «Smart Rubber» ЖШС жұмысына ерекше тоқталып өтті. Мұнда жарамсыз дөңгелек бірнеше сатылы өңдеуден өткеннен кейін ұнтаққа айналады. Оған полиэтилен ұнтағы қосылып, екі қоспадан дайын өнім – жерасты суару түтігі шығарылады. Жасыл экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес, 2030 жылға қарай егіс алқаптарының 15 проценті суды үнемдеу технологиясына көшірілмек. Осыған байланысты алдағы уақытта жерасты түтігіне деген сұраныс артарына сенім мол. Оның үстіне қазір резеңке ұнтақты алушылар жиі кездеседі. Ол футбол алаңына төселеді, сондай-ақ битуммен араласса, асфальт сапасын жақсартуға септеседі екен.
Жұлдызай Айтжанова облыс тұрғындарының 60 проценті тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдау қызметімен толық қамтылғанын атап өтіп, қалдықтарды көмуге қатысты енгізілген өзгерістермен таныстырды.
– Келер жылдан бастап ҚР экологиялық кодексінің 301-бабына сәйкес, полигондарда пластмасса, пластик, полиэтилен қалдықтары және полиэтилентерефталат орамасы, макулатура, картон және қағаз қалдықтары, құрамында сынап бар лампалар мен аспаптар, шыны сынықтары, түсті және қара металдар сынығы, литий, қорғасын-қышқыл батареялары, электрондық және электр жабдықтары қалдықтарын көмуге тыйым салынады деп жоспарлануда. Ал 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тамақ қалдықтарын және құрылыс материалдарының қалдықтарын полигондарда көмуге шектеу қойылады, – деді Ж.Айтжанова.
Жалпы тақырып турасында айтылған дүние көп. Өткен жылы Елордада ұйымдастырылған «ЭКСПО» халықаралық көрмесінде де тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу жайы кеңінен насихатталған болатын. Расында, елімізде қазба байлықты жаратудан бөлек, аталған өндіріс түрін жандандыру жүйелі түрде қолға алынса, жаңа жұмыс орындары ашылып, қазынаға табыс түсер еді.

12 қараша 2018 ж. 760 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области