Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖҮЙЕЛІ ІСКЕ ЖОЛ АШАДЫ

ЖҮЙЕЛІ ІСКЕ ЖОЛ АШАДЫ


    Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұжымы арасында талқыланды.
    Басқарма басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Шәменов Жолдаудағы 10 міндетке тоқталып өтті. Соның ішінде, Жолдаудың екінші бағыты бойынша шағын және орта бизнес субъектілерін тұрмыстық қатты қалдықтарды заман талабына сай, утилизациялау және қайта өңдеуге тарту шаралары жайлы кеңінен айтты.  
    Бұл көптеген жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан  басты экологиялық проблемалардың бірі болып келді. Жолдаудағы міндеттерді орынау аясында бұл жұмыс та жүйеге түседі,– деді Бауыржан Шәменов.
    Бүгінде, облыс аумағында  тұрмыстық қатты қалдықтарды жинақтайтын 145 полигон бар, қалдықтарды тасымалдау, жинақтау, қайта өңдеу және жою саласында 37 кәсіпкерлік субъектісі жұмыс жасайды.  
    Басқосуда жергілікті кәсіпкерлермен бірлесіп, тұрмыстық қатты қалдықтарды заман талабына сай, жою және қайта өңдеу бойынша зауыттар мен полигондар салу және қолданыстаға полигондарды экологиялық талаптарға сәйкестендіру жұмыстарын жүргізілетіндігі айтылды.
    Жолдаудың «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» бағыты бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басқармасының басшысы Бағдат Изкенов түсіндірме берді.

25 қаңтар 2018 ж. 585 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области