Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БАЙЫПТЫ БАСТАМАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

БАЙЫПТЫ БАСТАМАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ


    Сарапшылар әлемдік экономиканың бүгінгі даму беталысын байыптай отыра, 2050 жылға қарай әлемдік экономика құлдырауы мүмкін деп есептейді. Бұл туралы бүгін Қызылордада өткен идеологиялық активте облыс әкімі Қ. Көшербаев айтты.  
    Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауына аранлған жиында аймақ басшысы қазіргі кезде табиғи ресурстарды тиімсіз пайдаланудың жағымсыз нәтижелері жаһандық сипат алғанын атып өтті.
    Экономиканың өсуі және жалғасып жатқан урбанизация процесстері республикада қатты тұрмыстық қалдықтар көлемінің жыл сайын өсуіне себепкер болып отыр.
    Осы ретте, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу жүйесін қалыптастырып және өртеу-өңдеу зауыттарының құрылысын салу үшін инвестиция тарту жоспарлануда.
     Сонымен қатар, аймақта жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша да жұмыстар қолға алынды.
    Алдағы уақытта бұл бағытта тағы да 2 жобаны жүзеге асыру басталды.  Инвестор «Байқоңыр Солар» серіктестігі Сұлутөбе мен Бірқазан елді мекендерінің аралығында қуаттылығы 50 МВт күн электр станциясының құрылысын салуды жоспарлауда. Қазіргі уақытта технико-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр.
    Сонымен қатар, Жалағаш ауданында қуаттылығы
30 МВт күн электр станциясының құрылысын салу жоспарланған. Станцияның құрылыс жұмыстарына инвестор «Номад Солар» серіктестігі ниет білдіріп отыр, – деді аймақ басшысы.
    Аталған іс-шараларды іске асыру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, сондай-ақ, «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасында қарастырылған мақсаттарға жетуге оң ықпалын тигізеді.

22 қаңтар 2018 ж. 704 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области