Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАТТЫ ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ МАҢЫЗДЫ

ҚАТТЫ ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ МАҢЫЗДЫ


Мемлекет басшысы Н.Назарбаев биылғы Жолдауында «Шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тарата отырып тұрмыстық қатты қалдықтарды заман талабына сай утилизациялау және қайта өңдеу бойынша кешенді шаралар әзірлеу» керектігін ерекше атап көрсетті.
Иә, қай уақытта болмасын қоршаған ортаның тазалығы адамзат үшін аса пайдалы. Сондықтан, аудан көлемінде санитарлық-эпидемиологиялық хал-ахуалды жақсартып, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау–әрбіріміз үшін жауапты іс. Бұл бағытта ел билігінің де қолға алып жатқан жұмыстары аз емес. Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің статисі О.Рысқұловтың айтуынша, бүгінде Арал қаласы бойынша тазалықты сақтап, қоршаған ортаны ластауға жол бермеу мақсатында 2 500-ге жуық қоқыс контейнерлері қойылған. Соныдай-ақ, қоқыстарды бөлек жинауға арналған 15 дана жәшік пен мемлекеттік мекемелер жанына контейнерлер 145 дана жәшік орналастырылған.
Бұған қоса, құрамында сынабы бар шамдарды, батареяларды және электр құрылғыларының қауіпті қалдықтарын жинақтауға арналған 200 дана контейнер аудан бойынша қоғамдық орындарда тұр екен.
Біз бұл жұмыстарға қоса, аудан көлеміндегі тазалық пен экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында Арал қаласының оңтүстік батыс беткейінен көлемі 5 гектарды құрайтын, жылдық қуаттылығы 37800 тонналық тұрмыстық қатты қалдықтар төгетін полигон құрылысының басталғанын айтқымыз келді.
Облыстық бюджеттен қаржысы қаралып, бүгінде құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатқан бұл полигонның жұмыс істеу мерзімі 20 жылға есептелген. Құрылыс жұмыстарын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қылмыстық-атқару (пенитенциаралық) жүйесі мекемелерінің «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны қолға алған.
Осы ретте тағы бір айта кетерлік жайт Елбасы биылғы Жолдауында «Шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тарата отырып тұрмыстық қатты қалдықтарды заман талабына сай утилизациялау және қайта өңдеу бойынша кешенді шаралар әзірлеу» керектігін атап көрсетті. Бұл дегеніміз, алдағы уақытта полигон құрылысы аяқталған соң, онда жеткізілетін қалдықтарды сұрыптап, жоюмен және қайта өңдеумен айналысуға ниетті кәсіпкерлерге таптырмас мүмкіндік болып табылады.
Иә, қоршаған ортаның табиғатына жанашырлықпен қарау әр адамның қолынан келетін іс. Тек оған әрбір жанның түсіністікпен қарауы қажет. Әрбір жанның туған анасындай болған тұмса табиғаттың теңдесіз сыйын бір күндері түгесіп алмасақ екен. Ол үшін жоғарыда айтып өткен кешенді жұмыстар мен қарқынды құрылыстардың қатарын көбейтуіміз керек деп білеміз.

А.ҚАРАСАЙ,
Арал ауданы
15 тамыз 2018 ж. 1 115 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области