Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАСЫЛ ТЕХНОЛОГИЯ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

ЖАСЫЛ ТЕХНОЛОГИЯ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ


Мемлекет басшысы Н.Назарбаев биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту бағытында «Жасыл» технологияларға инвестиция салу үшін бизнесті ынталандыру, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдарға шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тартып, тұрмыстық қатты қалдықтарды заман талабына сай утилизациялау және қайта өңдеу үшін шаралар қабылдау керектігін тапсырды.
Ал бұған дейін Елбасы Жарлығымен 2013 жылы ҚР «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасы бекітілгені мәлім. Бұл тұжырымдама жаңа тұрпаттағы экономикаға көшу кезеңінде терең жүйелі жаңартуларға негіз қалады. Тұжырымдаманың негізгі индикаторларының бірі – 2030 жылға қарай өңделген қалдықтардың үлесін 40%-ке дейін жеткізу.
Осы ретте биылғы Жолдауда да шағын және орта кәсіпкерлікті қалдықтарды кәдеге жарату, қайта өңдеу және жою саласын дамытуға болатыны айтылып өтті. Бұл – экологиялық заңнама саласында тұрмыстық қатты қалдықтарды заман талабына сай кәдеге жарату және жоюда елеулі жаңалық болмақ. Осы арқылы шетелдік және отандық инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін тартымды инвестициялық ахуал жасауға жол ашылады.
Осы орайда Қызылорда облысында да жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті жұмыстар басталып кетті. Шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тартып, тұрмыстық қатты қалдықтарды заман талабына сай кәдеге жарату және қайта өңдеуде кәсіпкерлерге белсенді қолдау көрсетілуде.
Нақты кезеңде облыстағы бірқатар кәсіпкерлер тұрмыстық қатты қалдықтардан шатыр жамылғысын (черепица) және жаяу жүргіншілер жолына арналған төсеніштер (брусчатка) жасап шығаруда. Сон­дай-ақ, Рисмаш шағын ауданында орын тепкен «Smart Rubber» ЖШС кәсіпорны автокөліктердің жарамсыз дөңгелектерінен резеңке ұнтақтары мен тамшылатып суаруға арналған түтіктер шығарып, нарыққа шығаруда. Қазіргі таңда көне дөңгелектер ұнтағынан жасалған жер асты резеңке түтіктерінастаналық компаниялар сатып алуда.
Бұған қоса, мемлекеттік-жекеменшік әріп­тестік аясында Қызылорда қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау кешені және полигон құрылысын салу жоспарланып отыр. Сонымен бірге, қалдықтарды басқару мәселесін кезең-кезеңімен шешіп келеміз. Осы ретте, полигондарды экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкестендіру мақсатында облыстық бюджеттен полигон құрылысына қаржы бөлініп келеді. Осындай шараларды жүзеге асыру арқылы біз өңіріміздің экологиялық ахуалын жақсарта отырып, шағын және орта кәсіпкерлікті барынша дамытуға жол ашылады деген сөз. Сонымен бірге жаңа жұмыс орындары ашылып, халықтың әл-ауқатын жақсармақ.

А.ӘБДУАЛИЕВ,
Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасының басшысы
21 маусым 2018 ж. 838 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области