Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 3248 тонна тұрмыстық қалдықтар қайта өңделген

Қызылордада 3248 тонна тұрмыстық қалдықтар қайта өңделген

Kyzylorda-news.kz. Бүгінде тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу ісі жолға қойылып келеді. Қызылорда облысы қалдықтарды кәдеге жарату жұмысында 3 бағытта жұмыс жүргізеді.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Жұлдызай Айтжанова мәлімдеді.
Аймақта тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеудің үлесі өткен жылдармен салыстырғанда жоғары. Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату үлесі 7,58%. Өткен жылы көрсеткіш 3,19%-ы құраған. Қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметінде де өзгеріс бар. 6 айдың қорытындысына сәйкес, өңір тұрғындарының 60,87%-ы тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдау қызметімен қамтамасыз етілген.
«Қалдықтарды сұрыптау арқылы оны полигонға жеткізу маңызды. Бүгінде экологиялық және санитариялық талаптарға сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарының үлесін 3,45% жеткізу жоспарланып отыр»,-дейді Жұлдызай Айтжанова.
Айта кетейік, аумағы 20 гектарды құрайтын, жылына 60 мың тонна қатты қалдықтарды сұрайтын жаңа полигон пайдалануға берілмек. Белкөл кентінде орналасқан полигон мемлекеттік жеке-меншік әріптестік аясында іске асырылады.
27 тамыз 2019 ж. 541 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области