Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бақыт Жаханов аудандарадғы ауыл шаруашылық құрылымдарын аралады (ФОТО)

Бақыт Жаханов аудандарадғы ауыл шаруашылық құрылымдарын аралады (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов аймақ басшысының тапсырмасы бойынша Қармақшы, Жалағаш және Сырдария аудандарына барды. Онда ауыл шаруашылығы құрылымдарының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы хабарлады.
Сырдария ауданындағы «Жамбыл 2030» серіктестігінің егіс алқабында көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Еңбеккерлермен кездесуде облыс әкімінің орынбасары соңғы кездері дала өртінің жиілегендігін, сондықтан шаруашылық құрылымдары алдын алу шараларына мұқият қарау қажеттігін тапсырды.
Ал аудандағы «Шаған-Жер» серіктестігінің 3000 басқа арналған мал бордақылау алаңы мен ет өңдеу цехы толық қуатта жұмыс істемей тұр. Біріншіден бордақыланатын мал басы жеткіліксіз. Сондықтан өңдеу саласы ілгері баспай келеді. Б.Жаханов аудан басшылығы мен серіктестік директорына шаруашылық жұмысын жандандыру мақсатында жаңа ұсыныстар әзірлеу қажеттігін ескертті.
Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары Жалағаш ауданындағы «Агрохолдинг Кызылорда» серіктестігінің элеваторына барды. Онда күріш ақтау жұмыстарымен танысты. Компания облыстың күріш егетін 30-дан астам шаруашылығын фьючерстік негізде 618 млн. теңгеге қаржыландырған.
Бұдан бөлек, Б.Жаханов аудандағы жылыжай кешені, «Ер Әлі», «Таң ЛТД» шаруашылықтарына барды.
«Ер Әлі» шаруа қожалығының егіс алқабында дән себу жұмыстары жүргізілуде. Серіктестік жеміс ағаштарын егуді қолға алған. Тамшылатып суару әдісі қолданылатын 5 гектер алма бағы биыл алғашқы өнімін бермек.
«Таң ЛТД» серіктестігі де жаңадан салынған мал сою пункті мен ет консервілеу цехының өндірісін арттырмақ. Күніне 300-ден 500 келіге дейін дайын консервіленген өнім шығаруға мүмкіндігі бар.
Облыс әкімінің орынбасары Қармақшы ауданындағы құс фабрикасының құрылысымен де танысты. Өндіріс жыл соңында іске қосылуы тиіс.
Б.Жаханов сапарын аудандағы «Достық и К» серіктестігінде қорытындылады. Облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдарына бар жағдай жасалғанын атап өтті.
Аймақ басшысының тапсырмасы бойынша егіс егу жұмыстарына қажетті дизель отыны және тұқым, тыңайтқыштар жеткізілген.
«Демек, күз айларында қырманды астыққа толтырып, жоспар асыра орындалуы тиіс», – деді облыс әкімінің орынбасары.


27 сәуір 2020 ж. 344 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области