Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысында егінге алғашқы орақ түсті (ФОТО)

Қызылорда облысында егінге алғашқы орақ түсті (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданындағы «Таң ЛТД» ЖШС-нің егіс алқабында егін жинау науқанының басталуына байланысты «Дала күні» семинар-кеңесі өтті.

Шара барысында агроөнеркәсіп кешені саласы алдында тұрған міндеттер мен облыста атқарылып жатқан бірқатар жұмыстарға тоқталып, егін жинау жұмыстарының басталуына байланысты бірқатар мәселелер талқыланды.
Алдымен, салада атқарылып жатқан жұмыстар мен егін жинау науқанына дайындық барысы туралы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы С.Нұрымбетов баяндап, бұдан соң, бір қатар аудан әкімдері мен шаруашылық басшылары хабарлама жасады.
Ағымдағы жылы облыс бойынша барлығы 183,1 мың га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Негізгі дақыл күріштің көлемі 87,9 мың га. Егіс көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 5,8 мың гектарға артты. Көктем - жаз айларында ауа райының қолайлы болуынан егін егу және күтіп баптау жұмыстары мерзімінде атқарылды.
Жалпы егіс көлемінің ішінде дәнді дақылдар 97,5 мың га, майлы дақылдар 7,9 мың га, мал азықтық дақылдар 60,2 мың га, картоп, көкөніс, бақша 17,4 мың га құрады.
Облыста егін шаруашылығын әртараптандыру бағытында қолға алынған шаралар биылғы жылы да өз жалғасын тапты. Нәтижесінде, күріштен басқа дәнді дақылдар көлемі 2,4 мың га, мал азықтық дақылдар 3,4 мың га, картоп, көкөніс және бақша дақылдары 639 га ұлғайтылды.
Облыста алғаш рет өндірістік негізде соя және қант құмайы дақылдары егіліп күтімге алынды.
Сонымен қатар, 66 га жерге азық-түлік маңызы бар жеміс-жидектер мен жүзімдіктер егілді.
Шаруашылық құрылымдары күріш егісіне 100 пайыз жоғары репродукциялық тұқымдарды себуді, минералдық тыңайтқыштарды пайдалануды және өсімдік қорғау шараларын мерзімінде іске асыруды қамтамасыз етті.
Күріш егісінің 68,1 мың гектары жақсы, 17,6 мың гектары орта және 2,2 мың гектары қанағаттанарлық деп бағаланып, күріш шығымдылығы өткен жылғы деңгейден біршама жоғары.
Облыста егін жинау жұмыстарына қатысатын 1636 трактор, 806 комбайн, 460 жатка, 323 жүк көлігі, 766 трактор тіркемесі толық дайындыққа келтірілді.
Күзгі егін жинау және дала жұмыстары үшін қажетті жанар-жағар май қоры жеткілікті. Қолда бар ауыл шаруашылығы техникалары күріш егісін оңтайлы мерзім ішінде жинап алуға толық дайын.


23 тамыз 2019 ж. 719 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области