Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕГІС ДАЛАСЫНА АЛҒАШҚЫ ОРАҚ ТҮСТІ

ЕГІС ДАЛАСЫНА АЛҒАШҚЫ ОРАҚ ТҮСТІ


Қызылорда қаласындағы күріш өсіретін шаруашылық құрылымдары жетекшілерінің басын қосып, қалаға қарасты Қарауылтөбе ауылдық округіндегі «Ыбырай Жахаев атындағы Қазақ күріш ғылыми зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егіс алқабында күрішке алғашқы орақ салу рәсімі ұйымдастырылды.
Шараға қатысқан қала әкімі Н.Нәлібаев диқандар қауымын биылғы жылдың басты мерейтойлары Астана қаласының 20 жылдығы және Сыр елінің бас шаһары - Қызылорда қаласының 200 жылдығымен құттықтап, ақ күріштен тау тұрғызған еңбеккерлерге ризашылығы мен зор алғысын жеткізді.
Көрмеде «Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-і бидай, арпа, 3 түрлі күріштің және жоңышқаның жаңа сортымен таныстырылса, «Үміт» ШҚ-ның өсірілген «невский», «латунь» сортты картоптары ұсынылды.
Сонымен қатар, қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы М. Сейілов биылғы егін жинау науқанына дайындық жұмыстарымен таныстырды.
Жалпы соңғы жылдары Сыр өңірі диқандары айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп негізгі дақыл, күріштен рекордтық өнім жинап келеді.
Соның ішінде, саннан бұрын сапаға ынта қоя бастаған қала диқандары да айтарлықтай табысты көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр.
2018 жылы қала бойынша барлығы 7 мың 686 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде дәнді дақылдар 4109 гектарды (3743 га күріш, гектар жаздық бидай, 143 гектар жаздық арпа және 12 гектар сұлы), мал азықтық дақылдар 1044 гектарды (223 га жаңа жоңышқа, 821 га ескі жоңышқа), картоп, көкөніс, бақша дақылдары 2533 гектарды (800 га картоп, 943 га көкөніс, 790 га бақша) құрап отыр. Негізгі дақыл күріштің көлемі 3743 гектарға егілді.
Нақты егілген ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемдері жыл басындағы межеленген егіс негізгі дақыл күріштің көлемі 741 гектарға артып отыр.
Сонымен бірге, осы уақытқа дейін тек қана үй іргелік жерлерде егіліп келген бақшалық дақылдарды ірі шаруашылық құрылымдары өндірістік негізде егуді қолға ала бастады.
Атап айтқанда, Қызылөзек ауылдық округіне қарасты «Үміт» шаруа қожалығы өткен жылдан бастап 15 гектарға дейін механикаландырылған тәсілмен картоп дақылын егуді қолға алып отыр.
Бұған дейін, ауыл шаруашылығы құрылымдарында «ақ» егісті (жаздық бидай, жаздық арпа, сұлы) жинау толық аяқталды.
Егін жинау жұмыстарына барлығы 795 тонна дизель отыны, 159 тонна бензин, 48 тонна қою май қажетті көлемде қамтамасыз етіліп отыр.
Егін жинау науқанына қатысатын 22 дана жаткалар, 24 дана комбайндар, 58 дана тракторлар, 19 дана трактор тіркемелері, 22 астық тазалағыштар мен 12 дана жүк көліктері 100 пайызға ағымдағы және күрделі жөндеулерден өткізілді.
14 қыркүйек 2018 ж. 1 286 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области