Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ДИҚАНДАР ЕГІСТЕН МОЛ ӨНІМ КҮТЕДІ

ДИҚАНДАР ЕГІСТЕН МОЛ ӨНІМ КҮТЕДІ


Биылғы жылы қармақшылық диқандар 23957 гектар егіс екті. Оның ішінде негізгі дақыл күріш – 13850 гектарға, бидай – 210 га, мақсары – 1700 га, жоңышқа – 6554 га, картоп-570 га, көкөніс – 450 га, бақша өнімдері – 555 гектар жерге себілді.
«Ауданның негізгі бағыты ауыл шарушылығы саласы болғандықтан агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға басымдық бердік», - деді аудан әкімі Сұлтан Мақашов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Аудан екбеккерлері 2018 жылдың көктемгі дала жұмыстарын мерзіміне сәйкес жасап, аяқтады. Өткен жылмен салыстырғанда жалпы егіс көлемі 255 гектарға, ал суды көп қажет ететін күріш көлемі өткен жылдан 359 гектарға азайтылған. Ал жаздық бидай 8 гектарға, бақша 4 гектарға, көкөніс 100 гектарға, мақсары 362 гектарға көбейді. Күріштің «Тором Хошеми» ирандық сортын «Ақтөбе и К» ЖШС 300 гектарға екті.
Ауа-райының қолайсыздығы біршама қиындықтар туындағанымен диқан қауымы бітік, мол егіс өсіре білді. Шаруашылық басшылары жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде су тапшылығы болжамын түсіне отырып, 1 мың гектарға жуық егісті еккен жоқ, яғни каналдың ең аяғындағы «Алдашбай ахун» ауылдық округінде күріш орналастырылмады. Қабылданған шаралардың нәтижесі мен диқан қауымның тынымсыз еңбегі өз жемісін берді, егіс судан қалған жоқ.
06 қыркүйек 2018 ж. 898 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области