Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАЛЫДА ЕГІНГЕ ОРАҚ ТҮСТІ

ҚАЗАЛЫДА ЕГІНГЕ ОРАҚ ТҮСТІ


Қазалы ауданының Қожабақы ауылындағы «Агро-Өркен» ЖШС-інде күріш орағының басталуына орай дәстүрлі «Дала күні» семинар-кеңесі болып өтті. Оған аудан әкімі М.Ергешбаев қатысты. Семинарға қатысушылар алдымен Жанқожа баба кесенесінде болып, әруақтарға құран бағыштады. Одан кейін егіс алқабына жол тартып, пленарлық мәжіліске қатысты.
Аудан әкімі М.Ергешбаев диқандарды алғашқы егін орағымен құттықтап, егін орағының лентасын қиды. Ендігі міндет – қырмандағы астықты ауа райының қолайлы шағын пайдаланып, ел ырысына айналған күріш дақылын ысырапсыз тез арада жинап алу болмақ. Бұған жергілікті жерде барлық жағдай жасалған, яғни, адам күші мен техника жеткілікті.
Биыл Қазалы ауданы бойынша 17790 гектар жерге дәнді дақылдар егілсе, оның ішінде негізгі дақыл – күріш 6800 гектаржерге орналастырылды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 435 гектарға артық.
Сондай-ақ, 17 790 гектарға орналастырылған дақылдардың 7477 гектары дәнді дақылдар, 7422 гектары – мал азықтық дақылдары, 2250 гектары – картоп, көкөніс, бақша, 641 гектары – майлы дақылдар.
Егінге орақ салған Қазалы ауданының диқандары бітік өскен күріш алқаптарынан жиналған биылғы дән қамбаны еселеп толтырады деген үмітте.
21 қыркүйек 2018 ж. 750 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области