Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Оқушылар IV тоқсанның жиынтық бағалауын қашан тапсырады?

Оқушылар IV тоқсанның жиынтық бағалауын қашан тапсырады?

Kyzylorda-news.kz. ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Майра Мелдебекова оқушылар IV тоқсанның жиынтық бағалауын (ТЖБ) қашан тапсыратынын айтты.
«Бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) өткізу мерзімі аптасына 2 және одан көп сағатты құрайтын пәндер бойынша 4-11 мамыр аралығында өтеді. Жалпы, біз мұның алдында Білім және ғылым министрлігінің №135 бұйрығында 4-8 мамыр деп белгілеген едік. Қазір мерекелік даталарға сәйкес келуіне байланысты 11 мамырға дейін ұзарттық. Аптасына бір сағатты құрайтын оқу пәндері бойынша 11-15 мамыр аралығында және 1-10 сыныптарда тоқсандық бақылау, сонымен қатар 11-сыныптарда бақылау жұмысы 18-22 мамыр аралығында өтеді. Жалпы, БЖБ және ТЖБ тапсырмаларының барлығын мұғалімдер өздері өткен тақырып бойынша дайындайды», - деді Майра Мелдебекова онлайн-сұхбат барысында.
Оның айтуынша, оқу пәндері бойынша 1-10 сыныптарда жүргізілетін жиынтық бақылау кестесін әрбір білім беру ұйымы жеке дайындайды.
«БЖБ өткізу уақытын 20 минут, ТЖБ уақытын 40 минут деп белгілеп отырмыз. Сонымен қатар 1-4 сынып оқушыларымыз жас ерекшеліктеріне қарай, технологияларды әлі де толық меңгермеуіне байланысты уақыт шектелмейді. Ата-аналарға да, оқушыларға да айтарымыз, қазіргі сабақ барысы, қашықтан оқыту жүйесі қалай өтіп жатса, БЖБ да, ТЖБ да солай өтеді», - деді комитет төрағасы.
27 сәуір 2020 ж. 283 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области