Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Рухани жаңғыру: Сыр елінде атқарылған шаралардың ауқымы кең

Рухани жаңғыру: Сыр елінде атқарылған шаралардың ауқымы кең

Kyzylorda-news.kz. Биыл қоғамдық сананы жаңғыртудың басым бағыттарын қамтыған түрлі форматтағы 204 шара енгізілді. Алайда елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты жоспарланған іс-шаралардың көбісі онлайн жүйеге көшірілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының директоры Нұрлыбек Мыңжас мәлімдеді.
«Карантин кезінде орталықтың ресми парақшаларында «Ең үздік пост» байқауы жарияланып, жеңімпаз анықталды. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін «Артық білім кітапта, ерінбе оқып көруге» онлайн-байқау және «Туған өлкем – байлығым!» атты бейнероликтер байқауы жарияланып, белгіленген хэштегтер бойынша материалдар жинақталуда. Мұнан өзге, қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия отырысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес әдет-ғұрыптық рәсімдерді (тойлар мен астар) ысырапсыз, даңғарасыз өткізуді насихаттау мақсатында сәуір айынан бастап облыс көлемінде «Тал бесіктен жер бесікке дейін...» жобасы жүзеге асырылмақ», – деді Нұрлыбек Кәрібозұлы.
Сонымен қатар, орта және шағын кәсіпкерлікті қолдап, кәсібилікті арттыру мақсатында «Сыр өнімі» атты байқауы және ұлттық бірегейлікті айқындайтын тәрбиенің оң ықпалын насихаттап, ұлттық байлығымыз саналатын домбыра аспабын ел арасында насихаттау мақсатында «Домбырадан төгілген күй» челленджі жарияланатын болады.
28 сәуір 2020 ж. 206 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области