Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада домбыра үйірмесінің онлайн-сыныптары ашылды (видео)

Қызылордада домбыра үйірмесінің онлайн-сыныптары ашылды (видео)

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жанындағы домбыра үйірмесінің қатысушылары қашықтан дәріс алып, алғашқы онлайн концерттерін берді.
Қазақ халқының өнерін насихаттау және ұлттық музыканы жаңғыртуды мақсат еткен жас зияткерлер домбыра үйірмесінде музыкалық аспаппен танысып, ұлы күйшілердің шығармалары мен жыр-термелерін меңгеруде.
Бүгінде балалар репертуарында «Балбырауын», «Әлқисса», «Ата толғауы» және «Көңіл толқыны» секілді күйлер бар. Алғашқы онлайн-концертте жас домбырашылар жетекшісі Үкітай Ерниязовпен бірге Әбдімомын Желдібаевтың халық арасында кең танылған «Ерке сылқым» күйін шебер орындап, тындармандарға керемет көңіл-күй сыйлады.
«Домбыраға қызығатын оқушылардың саны аз емес. Бұл жастардың ұлттық мәдениетті және құндылықтарымызды ерекше құрметтейтінін көрсетеді. Қатысушылардың үлкен пайызын 7-8-сыныптардың балалары құрайды. Екі жылда бұл балалар домбыраны жоғары деңгейде меңгеріп шығады», – дейді жетекшісі Үкітай Ерниязов.
Расымен де қазақ ұлтының негізгі брендіне айналған қоңыр дауысты домбыраны бүгінде жанына серік еткен жастар көп. 9-сынып оқушысы Майя Жалғасбаева домбырамен алғаш рет 8 жасында танысты. 50-ге жуық шығарманыны шебер орындай алатын өнерлі жас өзге оқушыларға қашықтан шеберлік сыныптар ұйымдастырып, білгенін үйретуде.
«Менің өнерім басқаларға жақсы әсер қалдырса, демек менің жасап жатқаным бекерден бекер емес. Барлық бос уақытымда домбырада күй ойнап, ой тынығып аламын. Әрбір азамат өз мәдениетін білуі тиіс деп ойлаймын», – дейді домбырашы қыз Майя.
Айта кету керек, қазақтың төл өнерін насихаттауды мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Қазақтың 100 күйі» жобасы сәтті жүзеге асырылуда.
Түрлі шаралар өткізу арқылы оқушылар қазақ күйлерінің шығу тарихын, дәулескер күйшілердің өмірі туралы танымдық-тәрбиелік ақпараттар алады.

28 сәуір 2020 ж. 263 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области