Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда шаштараздар қашан ашылады?

Қазақстанда шаштараздар қашан ашылады?

Kyzylorda-news.kz. Елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен шашатараздар мен сұлулық салондарының қай кезде ашылатынын айтты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.
«Сұлулық салоны мен шаштараз сияқты орындарды ашу мәселесі үшінші кезеңде қаралады. Қоғамдық көлік те әзірше жүрмейді. Себебі ол жерде коронавирустың таралу қаупі бар. Сондықтан қоғамдық көлікті жандандыру жұмысы 11 мамырдан кейін нақтыланады. Шешімді мемлекеттік комиссия шығаратын болады», – деді Мәкен бүгінгі онлайн брифингте.
Оның айтуынша, блок-бекеттер әзірше алынбайды. Өйткені карантин кезінде көлік пен адам қатынасын бақылау қажет.
Айта кетейік, 27 сәуірде карантиннен шығудың екінші кезеңі басталған болатын. Соның аясында қаржы-сақтандыру ұйымдары, екінші деңгейлі банктер, микроқаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, риелторлық компаниялар, мүлікті бағалау агенттіктері, тұрмыстық техниканы және саяжай заттарын сататын дүкендер ашылды.
Бұдан бөлек, астаналықтарға аулаға шығуға және саяжайға баруға рұқсат берілді. Алайда санитарлық нормалар қатаң сақталуы шарт.
28 сәуір 2020 ж. 253 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области