Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АУДАН ӘКІМІ ЕЛ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

АУДАН ӘКІМІ ЕЛ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ


    Қармақшы ауданының әкімі С.Мақашов ел алдында есеп беру жиынын аудан орталығы Жосалы кентінде қорытындылады.
     Есепті кездесуге «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы А.Қайруллаев, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Т.Дүйсебаев, Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Б.Бекпанов қатысты.
    Жиында аудан басшысы ауданымыздың өткен 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық салаларының дамуы мен атқарылған жұмыстармен қоса, ағымдағы жылы алға қойған негізгі міндеттер туралы баяндады.
    Соңғы үш жылда аудан экономикасының өсу динамикасы қалыптасты. Салық түсімі ұлғайып, ауданның бюджеті өсті. Ауыл шаруашылығы саласындағы жетістік ауыз толтырып айтарлықтай. Ақ күріштен тау тұрғызған ауданымыз облыста «Үздік» атанды. Өлкеде өндірілген өнімдер сыртқы елге экспорттала бастады. Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға тұрақты негізде жұмыстар жүргізіліп, жаңа жұмыс орындарын ашуға, кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс істеуіне жағдай жасалды. Елді-мекендерде де ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар жүргізілді. Ең бастысы, соңғы үш жылда аудан тұрғындарының қажеттіліктерін өтеуге үлкен жұмыстар жүрді. Атап айтқанда, қармақшылықтар сапалы ауыз сумен толық 100 пайыз қамтылды.
    Апатты жағдайдағы мектептердің мәселесі түбегейлі шешімін тапты. Балабақшамен қамту 100 пайызға орындалып отыр. Жұмыссыздық деңгейі төмендеді. Әлеуметтік нысандар бой көтеріп, жолдар жөнделіп көшелер жарықтандырылуда. Мал шаруашылығын дамытуға, шабындық жерлер мен жайылымдарды ұлғайтуға және балық шаруашылығын дамытуға су тоспалары салынды.  
    Кездесуде аудан әкімі барлық елді мекендердегі есеп беру жиналыстарында тұрғындардан түскен сұрақтар, ұсыныс-пікірлердің және мемлекеттік, өңірлік бағдарламалардың сапалы, уақытылы орындалуы қатаң бақылауда болатынын жеткізсе, аудан тұрғындары табысты атқарылған жұмыстар мен алда атқарылатын міндеттерге оң бағаларын беріп, аудан әкімінің жұмыстарына сәттілік тіледі.



25 қаңтар 2018 ж. 974 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области