Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ


          Елбасының «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев ел алдында есеп беру жиынын аудан орталығы Жалағаш кентінде қорытындылады.
Есепті кездесуге облыс әкімі Қ.Көшербаев, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, облыстық басқарма басшылары, ауыл әкімдері, бөлім, мекеме басшылары, аудан тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиында аудан басшысы өткен жылы атқарылған жұмыстармен қоса, ағымдағы жылы алға қойған негізгі міндеттер туралы баяндады. 2017 жылы ауданда экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған жұмыстар үзіліссіз жүргізіліп, нәтижесінде экономикада тұрақты өсім қалыптасып, даму көрсеткіштері артты. Өнеркәсіп өнімдерін өндіру, негізгі қорға тартылған инвестициямыз өсіп, қарқынды даму үстінде. Қай салада болмасын ілгерілеушілік бар.  
 Кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар жүйелі түрде жүзеге асып, тұрақты жұмыстар жүргізіліп, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Жұмыссыздық деңгейі төмендеді. 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту көрсеткішін 100 пайызға жеткізуге міндеттеме толығымен орындалды. Әлеуметтік нысандар бой көтеріп, кент және ауылдық округтердегі жолдар жөнделіп, көшелер жарықтандырылуда
Сонымен қатар, алдағы жылы Жалағаш кентінде газдандыру жұмыстары басталып, күз айларында аудан тұрғындарына көгілдір отын пайдалануға беріледі деп күтілуде. Орталық аурухананың жаңа ғимаратының құрылысына жобалау-сметалық құжаттар әзірленуде. Тағы бір айта кететін жаңалық, Мәдениет ауылында 90 орындық балабақша құрылысы, 150 орындық клуб және спорт кешенінің құрылыстары қарқынды жүргізілуде. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында да аудан орталығында ауқымды жұмыстар атқарылмақ.
Жиында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аудан әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беруінде талқыға түскен мәселелерді таразылай келе, елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылық, әлеуметтік мәселелердің оң шешімін табуы – түптеп келгенде, еңбекке қабілетті азаматтардың тұрақты жұмыспен қамтылуына тікелей байланысты екенін атап өтті. Ал дәл қазіргі нарықтық қоғамда ең жоғары сұранысқа ие болып отырған жұмыс көзі – кәсіпкерлік. Сондықтан аймақ басшысы алдағы жылды «Облыста жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы» деп жариялап, бұл бағытта 32 млрд теңге қаржы бөлу қарастырылып отырғанын айтты. Жалағаш ауданының халқы да осы бастамаға белсенді атсалысуы қажеттігін алға тартты. Сондай-ақ, аудан тұрғындарын көптен толғандырып жүрген мәселенің бірі – орталық аурухана жайы болатын. Аймақ басшысы аудандық аурухана ғимаратының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін 32 млн теңге қаржы бөлінгенін, демек, алдағы жылдары республикалық бюджет есебінен жаңа аурухана ғимараты салынатынын жеткізді
Соңғы 40-50 жыл көлемінде жөндеу көрмеген электр желісінің мәселесі де биліктің назарынан тыс қалған жоқ. Облыс әкімі бұл мәселені шешуге де облыс бюджетінен тиісті қаржы бөлініп, кезең-кезеңімен шешімін табатынын айтты. Ал аудан тұрғындары алдағы жылы іске асырылады деп күтіп жүрген газдандыру жобасы биылғы жылы қолға алынатыны белгілі болды.
Жалағаш ауданында жарқын істер мен жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. Кездесу соңында аудан тұрғындары аудандағы атқарылған және атқарылмақ жұмыстарға оң баға беріп, өздерінің ұсыныс-пікірлерін білдірді.


25 қаңтар 2018 ж. 1 029 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области