Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қасым-Жомарт Тоқаев: Түркістан облысында 10 ауылды су басты

Қасым-Жомарт Тоқаев: Түркістан облысында 10 ауылды су басты

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы су тасқынынан 22 мың тұрғынды эвакуацияғанын мәлімдеді.
«Өзбекстан аумағындағы Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысының 10 ауылын су басты. 22 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды. Оларға көмек көрсетіліп жатыр. Өзбекстан Үкіметімен келіссөздер жүргізілуде» , - деп жазды мемлекет басшысы Twitter-де.
Бұған дейін Мақтарал ауданында 4 ауылды су басқаны белгілі болды. Алдын ала болжам бойынша, шығын көлемі 404 млн теңгені құрайды.
Еске салайық, 1 мамыр күні Сардоба су қоймасы бөгетінің шайылуы салдарынан Өзбекстанның Сырдария облысындағы елді мекен су астында қалды.
Соның салдарынан Түркістан облысы Мақтарал ауданындағы шекара маңындағы бірнеше коллектор суға толып қалған.
Мақтааралдағы орталық коллектордан су төгіліп, Жеңіс, Жаңа тұрмыс ауылдарын су алып кетті. Облыстық маңызы бар «Мырзакент – Жеңіс – Жаңа тұрмыс» автомобиль жолын су басып, көлік жүре алмай қалған.
04 мамыр 2020 ж. 179 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области