Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда коммуналдық төлемге байланысты call орталық жұмыс жасайды

Қазалыда коммуналдық төлемге байланысты call орталық жұмыс жасайды

Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданында төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызмет шығындарын (ауыз су, электр жарығы, газ, жылу) өтеуге қатысты CaII-орталығы ашылды.
Енді тұрғындар осы мәселеге қатысты өздерін толғандырған сұрақтарды 8 (72438) 79-1-35 номеріне хабарласып біле алады.
Осы жерде бір ескерте кететін жайт, аудан тұрғындары төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызмет ақысы есебінде берілетін 15 мың теңгені алу үшін еш жерге барудың қажеті жоқ. Тек қана call орталыққа хабарласып, өтініш берсе болғаны.
Тұтынушы өз өтінішінде жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін, есепшот дерегін көрсетуі тиіс.
Аталған әлеуметтік көмек төменде көрсетілген санаттағы тұрғындарға тиесілі:
1) 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер;
2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
3) мүгедек балаларды тәрбиелеуші отбасылар;
4) көпбалалы отбасылар;
5) ең төмен және аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;
6) мемлекеттік және қоғамдық міндеттерін және әскери қызметін орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін орындау кезінде кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер.
05 мамыр 2020 ж. 233 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области