ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ БЕРІЛЕТІН БІРЖОЛҒЫ ТӨЛЕМ КӨЛЕМІ 2,7 МЛРД. ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ
Еңбек министрлігінде ҰОС ардагерлері мен мүгедектерін, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғаларды әлеуметтік қолдауға арналған шараларға қатысты брифинг өтті. Брифингті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі Светлана Қабыкенқызы Жақыпова, ҚР Қарулы күштерінің бас-штаб бастығының тәрбие және идеология департаментінің бастығының орынбасары Белгібеков Қанатбек Ербосынұлы өткізді. Брифингке арнайы Ұлы Отан Соғысының ардагері Бекмади Ахат Бекмадиұлы қатысты.
Бүгінгі күні республикада 2 067 Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектері (1494 Ұлы Отан соғысы қатысушылары,573 Ұлы Отан соғысы мүгедектері), 39 723 оларға теңестірілген адамдар (22 649 ҰОС қатысушыларына теңестірілгендер, 17 074 ҰОС мүгедектеріне теңестірілгендер), 166 700 Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген басқа санаттағы тұлғалар (оның ішінде 140 606 тыл еңбеккерлері) тұрып жатыр.
Жеңіс Күнін тойлау қарсаңында соғыс ардагерлері, мүгедектері мен оларға теңестірілген тұлғаларға 2,7 млрд. теңге көлемінде бір жолғы ақшалай төлемдер қарастырылған.
Ұлы Отан Соғысы ардагерлері жергілікті бюджет қаражаты және спонсорлық көмектің есебінен 2,6 млрд. теңге сомада (оның ішінде жергілікті бюджеттен 2,4 млрд. теңге, тартылған қаражат 207,2 млн. теңге) әлеуметтік қолдаудың қосымша шараларымен қамтылған.
Аталған қаражат:
- 70,3 мың адамға 1,2 млрд. теңге сомада – біржолғы материалдық көмек;
- 6,9 мың адамға 104,9 млн. теңге сомада – отынмен қамтамасыз етуге;
- 25,5 мың адамға 196,4 млн. теңге сомада – жеңілдікпен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге;
- 2,8 мың адамға 93,9 млн. теңге сомада – тіс протездеуге;
- 6,5 мың адамға 46,2 млн. теңге сомада – көлікте тегін жүруге;
- 6,0 мың адамға 665,1 млн. теңгеге санаторлы-курорттық емделумен қамсыздандыруға;
- 64 адамға 11,4 млн. теңге сомада – тұрғын үйді жөндеуге;
- 39,9 мың адамға 214,4 млн. теңгеге – көмектің басқа түрлерін (азық-түлік жинақтары, тұрмыстық техниканы сатып алу, жүру құралдары, міндетті гигиеналық құралдары, әлеуметтік такси қызметтері, шаштараз, монша, кабельді теледидар орнату және т.б.) көрсетуге бағытталған.
Вице-министр «ағымдағы жылдың 1 сәуіріне әлеуметтік төлемдердің орташа жиынтық мөлшері:
132 957 теңге – ҰОС қатысушыларына;
136 792 теңге – ҰОС мүгедектеріне;
128 248 теңге – ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдарға;
90 997 теңге – ҰОС мүгедектеріне теңестірілген адамдарға;
84 559 теңге – ҰОС жылдары кезінде тылда еңбек еткен адамдарға құрады», - деп атап өтті.
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі тарапынан ұйымдастырылатын барлық іс-шаралар соғыс және еңбек ардагерлерін ерекше құрметтеуге және сыйлауға бағытталған», - деп атап өтті полковник Белгібеков Қанатбек Ербосынұлы.
Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес жыл сайын зейнетақы және басқа да әлеуметтік төлемдер мөлшері ұлғайтылуда. Сонымен, ынтымақты зейнетақы мөлшерін қолайлы деңгейде ұстап тұру үшін жыл сайын оларды инфляция деңгейінен екі пайызға ілгерілей отырып индекстеу жүргізіледі.