Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР МӘСКЕУДЕГІ ПАРАДҚА БАРМАЙДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР МӘСКЕУДЕГІ ПАРАДҚА БАРМАЙДЫ

2018 жылы қазақстандық ҰОС ардагерлерінің ешқайсысы Мәскеудегі парадқа бармайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
  "Парадқа баратын қазақстандықтар, парадтың өзіне қатыса алатындарды, денсаулық жағдайына қарай бәрін ескердік. Бүгінде бізде парадқа қатысуға бастама жоқ (ардагерлер тарапынан - ред.). Биыл ешкім бармайды", - дейді брифинг барысында вице-министр Светлана Жақыпова.
   Оның сөзінше, ардагерлер қаласа 9 мамырға қарсы Мәскеуге жылда бара алады.
  "Ардагер баруды қаласа, "Жолаушылар тасымалы" АҚ ТМД елдері бойынша тегін барып-қайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тегін тамақтандырылады. Барлық жағдай жасалады", - дейді ол.
Ресми мәліметтер бойынша, бүгінде Қазақстанда 2 067 ҰОС ардагері мен мүгедегі (1 494 ардагер және 573 ҰОС мүгедегі), оларға теңестірілген 39 723 адам және ҰОС ардагерлеріне теңестірілген басқа санаттағы адам бар.
  Министрлік мәліметі бойынша, Жеңіс күнінің 75 жылдығын тойлауға дайындық басталып кетті.
  "75 жылдықты атап өту шараларының жоспары жасалып жатыр. ТМД елдірінің барлығы қанша ардагер баратынын жоспарлап жоспарлауда", - дейді еңбек және халықты әлнеуметтік қорғау вице-министрі. Биыл ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне бір реттік төлем ретінде 2,7 миллиард теңге төленді. Сонымен қатар, қосымша әлеуметтік қолдау ретінде тағы 2,6 миллиард теңге қарастырылған (жергілікті бюджеттен - 2,4 миллиард және демеушілерден - 207,2 миллион теңге).

06 мамыр 2018 ж. 548 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области