Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҰОС АРДАГЕРЛЕРІ ТМД АУМАҒЫНДА ТЕГІН САЯХАТТАЙ АЛАДЫ

ҰОС АРДАГЕРЛЕРІ ТМД АУМАҒЫНДА ТЕГІН САЯХАТТАЙ АЛАДЫ

Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері 2018 жылдың 1 мамырынан 31 желтоқсанына дейін Қазақстан мен ТМД елдеріне тегін саяхаттай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға сілтеме жасап.
  «Samruk-Kazyna Trust» қоры мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ бірлесе отырып, Жеңіс күні қарсаңында жүзеге асатын дәстүрлі акцияның басталғандығын жариялады.
   ҰОС ардагерлері Қазақстан және ТМД елдері бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның барлық бағыттары бойынша қызметті тегін ала алады. Билетті купелі вагонның кез келген санатына алу мүмкіндігі бар.
   Аталмыш акция бойынша билет рәсімдеуге жеке басты куәландыратын және ҰОС қатысушысы немесе мүгедегі екендігін растайтын құжаттардың түпнұсқасы болуы керек.
 ТМД мемлекеттеріне жасалатын саяхат үшін билет баратын станция мен Қазақстан аумағындағы билет берілген станция бағыты бойынша рәсімделетіндігін айта кету қажет.

27 сәуір 2018 ж. 622 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области